“Жарылыстан сынбаған мықты терезелер” — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады

Желіде Украинаның Буча қаласындағы төңкерілген көліктер, сынбаған үй терезелері көрсетілген фото тарады. Фото сипаттамасында автор “машиналар әдейі төңкерілгенін” жазып, “жарылыс шынымен-ақ болса, қалайша терезелер еш бүлінбеген” деп күмән келтірген. AFP агенттігі автордың күмәні негізді ме, суреттегі Буча қаласының көшесінде жарылыс болғанын/болмағанын тексеріп көрді.

2022 жылдың 23 сәуіріндегі Facebook-те жарияланған жазбада «Мен Ресейдің бомба жарылысынан еш сынбаған украиналық жоғары сапалы терезелерге тапсырыс бергім келеді» делінген. Сонымен қатар, автор жарылыстың болғанына күмән келтіріп, машиналар әдейі төңкеріп тасталғанына меңзейді.

"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады
AFP материалынан

Facebook пен Instagram желісіндегі басқа жазбаларда да бұл сурет туралы «жалған» немесе «әдейі түсірілген» делінген. Суретті Польша, Греция, Франция және Испания қолданушылары белсенді таратқан.

AFP агенттігі медиа материалдары мен куәгерлердің айғағын талдай келе, Буча аймағында жарылыс болғанына ешқандай дәлел таппаған.

Google сурет іздеу функциясы арқылы фактчекерлер аталмыш суретті Родриго Абд 4 сәуірде Associated Press (AP) үшін түсіргенін және келесі жазумен жариялағанын анықтады: «Ресеймен соғыс кезінде украиналық сарбаз балалармен қираған көліктердің жанынан өтіп бара жатыр, Киев маңындағы Буча, Украина, дүйсенбі, 4 сәуір, 2022 жыл».

"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады
AP сайтынан скриншот

Родриго Абд AFP агенттігіне ғимаратты ресейлік сарбаздар басып алғанын хабарлаған жергілікті тұрғындардың айғақтары туралы айтып берген. Оған сай, ғимарат Бучадағы орыс армиясының штаб-пәтерінің бірі болған. Сонымен қатар, Абд төңкерілген көліктер жатқан жерде танк іздерін көрген.

Суретпен бірге AP сонда түсірілген видеоны да жариялаған. Видеоны зерттей келе, Google Earth жүйесінде «L» әрпінің пішіні ұқсас ғимараттарды іздеп, Google Street View қолданбасын пайдалана отырып, AFP агенттігі Центральный, Садовая, Водопроводная және Яблонская көшелерімен шектесетін алаңда ғимараттың геоорнын анықтады.

"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады
Google Street View скриншоты (2015 жылы түсірілген) 

Reuters және Getty Images ақпарат агенттігі ғимараттың жанындағы бүлінген көліктер мен қирандылар көрінетін сол жерде әр түрлі күндері түсірілген тағы бірнеше фотосурет жариялады.

Reuters агенттігінің 7 сәуірдегі материалында болжам бойынша бірнеше пәтерді басып алған ресейлік сарбаздардың адам өлтіруі және бопсалауы туралы хабарлаған ғимараттың кем дегенде он тұрғыны жайлы жазылған. Сонымен қатар, тұрғындардың сөзінше, ешқандай жарылыс болмаған.

Алексей Тарасевич есімді тұрғын гректің Ellinika Hoaxes фактчекинг сайтына фотодағы көліктер туралы айтып берді. «Біздің үйдің ауласындағы көліктерді орыс солдаттары әскери техниканы жасыру үшін аударып тастады. Сонымен бірге, олар спутниктік түсірілімдер немесе дрондардан техниканы жасыру үшін пәтерлерді бұзып кіргеннен кейін алған кілемдер мен көрпемен жабдықтарды жауып қойды», — деген Тарасевич.

Сонымен қатар, бұл ақпарат Буча тұрғындарының Facebook желісіндегі тобы жариялаған жазбаларымен расталды.

Суреттегі төңкерілген қызғылт-сары түсті көліктің бүйіріндегі үлкен сызатқа сүйеніп, бір қолданушы «Көліктерді бомба емес, ауыр техника аударған» деп жазған.

Тағы бір жазбада қызғылт-сары түсті көліктің қасында тұрған ақ фургонның (төменде қызыл түспен белгіленген) суретін бөлісті.

"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады
"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады

AFP материалынан Facebook жазбаларының скриншоттары

AFP агенттігі фургонда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, 26 сәуірде көлікке иелік ететін компанияның басшысы Павел Станиславович Диринкоға хабарласты.

«Бұл біздің көлігіміз, Бучадағы базамыздан ұрланғандардың бірі. Көлік әбден қираған. Оған танк немесе бронетранспортер соқтығысқан сияқты. Үлкен дөңгелегі бар көлік болса керек. Жерде іздер, асфальтта шұңқырлар бар. Ақ түсті көлікте қою-жасыл сызаттар бар», – деген Диринко.

Ол өз сөзін растайтын фотосуреттерді бөліскен.

"Жарылыстан сынбаған мықты терезелер" — AFP агенттігі желіде тараған Буча суретіне фактчек жасады
AFP ұсынған Павел Диринконың суреті

AFP әскери сарапшыларға ізі қалған асфальттың фотосуретін көрсетті.

Поляк қарулы күштері бас қолбасшысының баспасөз хатшысының орынбасары Марсель Подгородецкий: “Бұл танктің немесе бронетранспортердің іздері” екендігін хабарлаған.

AFP агенттігі Google арқылы (Орталық көше 33) ғимараттың мекенжайын іздеп, медициналық компанияны тапқан. Оның менеджері Елена Труштың сөзінше, оның “төртінші қабаттағы пәтерін басқа пәтерлермен бірге бір ай бойы орыс сарбаздары басып алғанын” мәлімдеген. Ол Бучадан 26 ақпанда кеткенін және өткен аптада ғана оралғанын айтқан.

Буча маңайында жарылыс белгілері болды ма деген сұраққа ол “Ғимараттың айналасында жарылыс белгілері жоқ” деп жауап берген.

Осылайша, фактчекерлер желіде тараған суреттегі үйдің маңында жарылыс болғанын дәлелдейтін айғақ таппады. Дегенмен олар суреттегі көліктер әскери техника көмегімен аударылғанын анықтады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz