Жалған | Хабар 24: Қазақстанда 25 мың адамның мүгедектігі бар

“Қазақстанда мүгедектік куәлігін сырттай беру жоспарланып жатыр… Елде ерекше мұқтаждығы бар 25 мың адам тұрады”. “Хабар 24” арнасының ақпанның 5-індегі эфирінде осылай айтылады.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/file/d/1h-DGZiAlvfLDny_KmFYByp8C_gWMaQza/preview?usp=drivesdk” title=”хабар24.mp4″ icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/video/mp4″ width=”100%” height=”400″ style=”embed”]

Материалда айтылған деректі тексеріп көрейік.

Үкім: Жалған

Шын мәнінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне қарағанда, Қазақстанда 670 мыңнан аса азаматтың мүгедектігі бар.

Бұл – республикалық арнада мүгедектерге қатысты айтылған статистика елдегі мүгедек балалардан – 3 есе, жалпы мүгедек азаматтар санынан 26 есе аз деген сөз. Деректі Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтына кіріп те тексеруге болады.

[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/file/d/1rtOpnntdWD6_-VcIEqEiBmsSPuVbE2s2/preview?usp=drivesdk” title=”Численность зарегистрированных инвалидов в разрезе регионов.xls” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.ms-excel” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]

Репортаждағы сан қайдан шықты?

Астана қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, “қалада мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасында 24 148 адамның мүгедектігі бар”.

Репортаж дайындау барысында ақпаратты тексермеу эфирде дезинформацияның айтылуына әкеліп соқтырған сияқты – тілші Астанаға қатысты деректі тұтас Қазақстанға теліп жіберген.

Factcheck.kz сайтында материал орыс тілінде жарық көрген соң “Хабар-24” арнасы сайттағы материалды өңдеген. Түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады. 

 

Factcheck.kz