Youtube-та алаяқтықтың жаңа тәсілі анықталды

“Касперский зертханасының” сарапшылары YouTube-тегі ақылы жарнама арқылы интернеттегі алаяқтықтың жаңа тәсілін тапты. Компанияның хабарлауынша сарапшылар миллиондаған желі қолданушыларын “құтқарып” үлгерді деп хабарлайды Interfax.

«“Касперский зертханасының” сарапшылары интернет-алаяқтардың YouTube-тегі ақылы таргеттелген жарнаманың көмегімен адамдарды алдайтынын анықтады. Алаяқтар желі қолданушыға сауалнамадан өткен жағдайда ірі көлемде қаржы төлейтініне уәде береді» 

“Касперский зертханасының” дерегіне сәйкес алаяқтар негізінен Ресей мен ТМД елдерінің қолданушыларын алдаған.

“Биылғы жылдың басынан бері компанияның қорғаныс қызметтері фишингтік сайттарға өтудің 17 миллионға жуық әрекетін бұғаттады (фишинг – желі пайдаланушыларының логин мен парольдерін алу мақсатында хакерлік шабуыл).

Сонымен қатар, компания желі қолданушыларына интернетте фишингтік шабуылдарды анықтайтын және бұғаттайтын қорғанысты қолдануды ұсынады. “Касперский зертханасының” контент-сарапшысы Михаил Сытник:

«Фишингтің бұл түрінде алаяқ сізден сауалнамадан өтуіңізді сұрайды және сыйақы уәде етеді. Бұл бұрыннан келе жатқан алаяқтық. Алайда, бұл жолы бұзақылар YouTube-тің ақылы таргеттелген жарнамасын пайдаланған. Олар желі қолданушыларының бұл ресурсқа деген сенімін пайдаланып отыр» деп түсіндірді. 

Factcheck.kz