YouTube Қуат Ахметовтің арнасын бұғаттады

“Til Maydani онлайн партиясы” Youtube арнасының авторы, азаматтық белсенді Қуат Ахметовтің желідегі каналы бұғатталды. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта сілтеме арқылы арнаға кірсеңіз, каналдың бұғатталғаны туралы хабарлама шығады.

YouTube хабарламасында қорлау және қорқытуға байланысты каналға бірнеше рет шағым түскені және желі ережесі бірнеше рет бұзылғаны жазылған.

Контекст

  • Азаттық радиосының жазуынша, Қуат Ахметов Қазақстан мен өзге де көршілес елдерде “Til Maydani онлайн партиясы” YouTube-арнасының авторы ретінде танылған.
  • Ол осы арнада Нұр-Сұлтан мен Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында дүкен сатушылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің “қазақ тілін қаншалықты білетінін” тексерген видео жариялаған. Видеода сатушылар “мемлекеттік тілді білмегеніне” кешірім сұрағаны көрсетілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz