Вакцинадан кейін қайтыс болған медбике | Оқиға рас па?

Қазақстан, Украина, Ресей әлеуметтік желісі мен медиасында АҚШ-тағы медбике COVID-19-қа қарсы вакцинация салдарып, бірнеше минут өткен құлап қалғаны туралы видео тарап жатыр. БАҚ мәліметіне сәйкес, бұл жағдай вакцинациядан кейін сұхбат кезінде болған. Инстаграм және WhatsApp-тағы хабарламаларда “медбике қайтыс болды” және “вакцинация геноцид” деп тараған. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін тексерді.

Вакцинадан кейін қайтыс болған медбике | Оқиға рас па?
Желідегі видео мәтінінен скриншот

Медбикеге COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды. 17 минуттан кейін оқиға орнында қайтыс болды.

Үкім: Жалған және манипуляция

Шынында да, медбикелердің бірі коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, 17 минуттан кейін құлаған. Алайда, бұл оның естен тануға бейімділігімен байланысты болған. Медбике қайтыс болмаған.

Теннесси штатының Чаттануга қаласында орналасқан католиктік Денсаулық мемориалдық ауруханасының (CHI) медбикесі Тиффани Довер COVID-19-ға қарсы Pfizer-BioNTech вакцинациясынан кейін есінен танып құлаған. Ол есін жиған соң WТVC-TV NewsChannel 9-ға сұхбат берген еді:

“Мен өзімді қолайсыз сезіндім, алайда қазір жағдайым жақсы. Бұдан бөлек қолымның ауырғаны басылды.»

Тиффани Довер

Сонымен қатар, ол Сhannel 3 арнасына берген сұхбатында мұндай жағдайдың жиі болатынын айтып және нақты не болғанын түсіндірді.

«Бұрындары кезбе жүйкесінің шамадан тыс реакциясы болған. Сондықтан мен кез-келген нәрседен ауру сезсем немесе иньекция салдырғанда есімнен тануым мүмкін».

Тиффани Довер

Бұдан бөлек Тиффани бұл әдеттегідей жағдай екенін және соңғы алты аптада алты рет есінен танып қалғанын да айтқан.

CHI Memorial өкілі Reuters-тегі әріптестерімізге электронды поштамен медбикенің бұл оқиғадан кейін тез қалпына келгенін хабарлады. Бұдан бөлек өзін және отбасын оңаша қалдыруды сұраған. 21 желтоқсанда Тиффани клиникаға жұмысына қайта оралған. Клиниканың туиттер парақшасында бұл ақпаратты растайтын видео жарияланған.

https://twitter.com/CHI_Memorial/status/1341096246304530432?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1341096246304530432%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Ffactcheck.kz%2Fclaim-checking%2Fverdict%2Fmedsestra-umerla-posle-privivki-ot-covid-19-tak-li-eto%2F

Осы арада желіде Тиффанидің атынан және оның өлімі туралы да көптеген фейк аккаунт пайда болды. Мысалы, қастандық теориясын жақтаушы Вадим Шегалов Тиффани Понтес Довер есімі Тиффани тұратын Алабама штаты Де Калб округінің қайтыс болғандардың тізімінде болғанын хабарлаған. Автор Search Quarry-ге сілтеме жасаған. Алайда, бұл қайтыс болғандардың тізілімі емес. Себебі бұл жай ғана ашық деректердің ақылы тізілімі. Яғни, деректерді қалай жинайтынын ашық түрде көрсетпейді. Егер сіз мекен-жай жазатын орынға адам атын өзгертсеңіз, АҚШ-тың кез-келген штатындағы адамды «қайтыс болды» деп айтуға болар еді. болады. Төмендегі видеоны көруге кеңес береміз.

Қорытынды: Вакцина Тиффани Довердің есіне тануына себеп болды деуге ешбір дәлел жоқ. Тиффани Довер бұл жағдайдан соң тез айығып, сұхбат та берді. Сонымен бірге, оны “қайтыс болғаны” туралы да дәлел жоқ. Алайда, оның дүниеден озбағанына және жағдайы жақсы екеніне дәлел жетерлік.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz