Вакцина алған адам қан доноры бола алмайды ма?

Әлеуметтік желіде АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина салған адам қан доноры бола алмайды деген ақпарат жаппай таралып жатыр. Мұндай мәлімдемелер көбіне Facebook, Twitter және Instagram-да таралған. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Желіде таралған видеода ер адам вирустың атын атамайды. Ол Instagram алгоритмі жалған деп белгілемеуі үшін осылай жасауы мүмкін. Біз осыған ұқсас COVID-19-ға қатысты қандай ақпарат бар екенін және оның қаншалықты рас екенін тексердік.

АҚШ-тағы мына қызық жаңалықты айтып берейін. Америкада жаңа ауруға қарсы жаңа екпені салдырған адамдарға қан доноры болуына тыйым салынды. Яғни, екпе салдырған адамдар қан тапсыра алмайды. Сонымен қатар, ауырып, кейін жазылғандарға мұндай шектеу қолйылмайды.

Видеодағы адамның мәлімдемесі

Үкім: Жалған және Манипуляция

Америкалық Қызыл Крест мәліметінше, АҚШ-та вакцина еккен адамдар әлі де қан доноры болуға рұқса етілген. Яғни, қанды немесе оның жеке компоненттерін тапсыруға болады. Тек бір жағдайды ескеру қажет. Толығырақ төменде.

АҚШ-та вакцина салған адамға қан тапсыру үшін вакцина өндірушісін көрсету қажет. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз белгілі бір мерзімді күтудің қажеті жоқ.

COVID-19 вакцинасын салдырған, бірақ бұрын коронавируспен ауырмаған адамнан плазманың тек бір түрі алынады. Атап айтқанда, коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін иммундық плазма қабылданады. Себебі COVID-19-бен ауырған адамдардың плазмасы ауруды емдеудің тәжірибелік әдісі ретінде қолданылып жатыр. Вакцина алған, бірақ бұрын коронавируспен ауырмаған адамның плазмасы бұл әдіс үшін жарамды деп нақты айтатын деректер жоқ және бұл емнің қаншалықты тиімді екенін әлі белгісіз.

Әлеуметтік желіде қастандық теориясының жақтаушылары Қызыл Кресттің шектеуін жалпы қан тапсыруға байланысты деп, жалған ақпарат таратты.

Фейк қашан және қалай пайда болды?

Voxukraine.org сайтындағы әріптестеріміз Facebook қолданушылары дәлел ретінде АҚШ телеарналарының бірінде қан доноры болуға тыйым салынып жатқаны жайлы репортаждан үзінді келтіргенін анықтаған. Алайда, репортаж үзіндісінде фейктің негізгі тезисіне қайшы келетін тұсы да бар.

Вакцина алған адам қан доноры бола алмайды ма?
Facebook желісінде таралған скриншот.

Жүргізуші репортажда қан немесе плазма доноры туралы жалпылама айтпаған. Тек белгілі бір ауруды емдеуге арналған донор болу жайлы жеке түрін айтқан:

“Қызыл Крест хабарлауынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салған адамдар әлі де науқастарды емдеу үшін реконвалесцентті плазманы бере алмайтынын айтты” деді.

Әлеуметтік желіде ағылшын тілінде осыған ұқсас ақпарат тарады.

«Америкалық Қызыл Крест дерегінше, егер вакцина салдырсаңыз, қан плазмасын бере алмайсыз, себебі вакцина адам организміндегі табиғи антиденелерін жояды». (22 мамырдағы Facebook-те жарияланған посттың аудармасы); Бұл да жалған мәлімдеме.

Бұрын жазғанымыздай, вакцина “вирусқа қарсы барлық күресті өз мойнына алмайды”, бірақ иммунитетке вирусты тануды және онымен күресуге көмектеседі. Вакцинаның мақсаты адамның табиғи антиденесін жою емес.

“Әрине, вакцина, инфекция нәтижесінде пайда болатын антиденелерді күшейте алады. Ол организмдегі басқа антиденелерді жоймайды”, — деді Мэриленд университетінің медицина мектебінің Микробиология және иммунология кафедрасының доценті Мэттью Фриман USA TODAY тілшілеріне.

Қорытынды

  • FDA (АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы) 11 ақпандағы нұсқаулығында егер коронавирус симптомы мен тест нәтижесі бойынша вирус анықталса вакцина салған адамдар плазманы тапсыра алатынын жазған.
  • Бірақ қазіргі уақытта COVID-19 вакцинасын салған адамдар плазманы Қызыл Крестке тапсыра алмайды. Қызыл Крест сайтында екпе еккендердің плазмасын қолдану мүмкіндігін бағалау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын жазылған.
  • Коронавирусқа қарсы вакцина салған адам өзін жақсы сезінсе, қан доноры болуына еш кедергі жоқ.

Контекст: Ресей мен Қазақстандағы жағдай

Қазақстанда COVID-19-бен орташа және ауыр дәрежеде ауырып жазылған және толық сауыққан сәттен бастап (кемінде 14 тәулік өткен соң) 18 жастан асқандар иммундық плазма доноры бола алады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында плазма доноры жетіспей жатыр. Маусым айында облыстық клиникалық ауруханада 1200 адам иммундық плазма алды. Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Оксана Чернышованың айтуынша, қан орталығы Қарағанды облысы бойынша 12 госпитальды қамтамасыз етіп отыр. Иммундық плазмаға деген қажеттілік бүгінгі күні айтарлықтай артқан.

Ресейде COVID-19-бен ауырғандар плазма доноры бола алады. Мәскеу мэрінің ресми сайтында плазма доноры болу үшін қандай талап қойылғаны көрсетілген. COVID-19-ға қарсы антиденелері бар плазманы тапсырғандарға 5000 рубль сыйақы тағайындалған. С

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz