Үндістандағы коронавирус | ақпарат қаншалықты рас?

Үндістанда күніне мыңдаған адам коронавирустан зардап шегіп жатқанына қарамастан әлеуметтік желі арқылы мұны жоққа шығаратын, ақпаратты таратып жатқандардың мақсаты халықты қорқытып-үркіту екені туралы видео тарады. Кейбір желі қолданушылары медианы айыптап, деректерді асыра сілтеп жатыр дейді. Factcheck.kz ақпарат ағынының ақ-қарасын ажыратып көрді.

Мәлімдеме: Үндістан халқы коронавирустан айтарлықтай жапа шегіп жатқан жоқ, крематорийлер бос тұр.

Әлеуметтік желідегі ақпараттың қорытынды ойы

Үкім: Манипуляция

Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ-тан соң 2-орында тұр. Елде барлығы 246 146 адам коронавирустан көз жұмған. Мамырдың 12-де 4 120 адам Covid-19-дан қайтыс болып, 362 727 адамнан инфекция анықталған. Осы айдың 5-де 378 075 адамнан вирус анықталып, ол әлемдегі сол күнгі жағдайдың 47%-ін құраған. Кейбір сарапшылар бұл сандардың өзін әдейі азайтылып отыр дейді. Елдің жағдайы шынымен-ақ мүшкіл хәлде.

Видеодағы көріністерді сараптай келе, Үндістанда түсірілген болуы мүмкін деген тұжырымға келдік. Алайда екі-үш крематорий жалпы елдегі жағдайды объективті көрсетпейді. Оның үстіне бейне авторы Гоа штатында жүр, ол Үндістандағы кіші аймақтардың бірі. Салыстырмалы айтқанда, вирус жұқтырғандар саны да басқа аймаққа қарағанда азырақ. Бұл тұста медиадағы “крематорийларда орын жетіспей жатыр” деген ақпарат та манипуляция, себебі Үндістан халқы көп, бұл хабар белгілі бір қалаға немесе аймаққа ғана қатысты болуы ықтимал.

Үндістандағы коронавирус | ақпарат қаншалықты рас?Үндістандағы коронавирус | ақпарат қаншалықты рас?
Видеодағы қаланың көрінісі (бірінші сурет) мен Мапуса қаласы, Үндістан.
Дереккөз: Ашық деректер


Үндістандағы коронавирус | ақпарат қаншалықты рас?Үндістандағы коронавирус | ақпарат қаншалықты рас?
Видеода көрсетілген крематорий (бірінші сурет) мен сол крематорийдің салынып жатқан кезі. Гоа штаты, Үндістан. Дереккөз: Ашық деректер

Жағдай неден ушықты?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Ясаревичтің айтуынша елдегі жағдайдың күрт нашарлауына “мінсіз штурмның” әсері болған. Оған халықтың жаппай жиналауы, тез жұғатын вирус түрі мен вакцинацялаудың баяу жүруі жатады.

Жақында Қазақстан Үндістанға хуманитар көмек жіберетіні белгілі болды. Оның ішіне 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы костюм, елімізде өндірілген 105 тасымалданатын өкпені жасанды желдету аппараты кіреді.

Үндістандағы жағдайдың нашарлауына әлеуметтік желі мен мессенжерлер арқылы тараған фейк ақпараттар да кедергі келтіріп отыр. Үндістан халқы арасында тараған ақпарат біз бірнеше рет терістеген бедеулікке қатысты, вирусты сарымсақ сынды өсімдіктермен емдеуге болады дегенге саяды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz