Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар

Ресей Украинаға соғыс бастағалы ресейлік «Проверено» редакциясы Украинадағы жағдайға қатысты ақпараттың рас-өтірігін тексеріп келеді. Factcheck.kz деректерді толықтырып, оқырмандарға шолу материалды ұсынады.

Владимир Зеленский: «Фашизмнен қашып құтыла алмайсыз! Ол біздің сүйекке таңба» — фейк

5 наурызда «Россия 24/7» Telegram арнасында видео жарияланды. Онда Степан Бандера портреті, Украина мен Азов батальонының жалаулары бейнеленген шеру, ДХР аумағындағы атыстың салдары, сонымен бірге Владимир Зеленскийдің: «Фашизмнен қашып құтыла алмайсыздар. Ол біздің сүйекке таңба» деген сөзі бар. Зеленскийдің бұрмаланған сөзі видео тақырыбына айналған.

Бұл мәлімдеме Зеленский журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатынан үзінді (53-минут).

2018 жылдың желтоқсанында сол кездегі президенттікке үміткер Украинадағы декоммунизация туралы сұраққа жауап берген Зеленский:

Жалпы, лениндіктердің бәрін алып тастадық, солай ма? Біреуін қалдыру керек еді. Украинадағы ең жақсы шеберлерді шақырыңыз, шеберлер бізде жеткілікті ғой. Олар осы ескерткіштен үлкен мүсін жасап, айналасын озбырлықты еске салатын тікен сыммен орасын. Біз озбырлықты ұмытпауымыз керек. Олар маған: «Иә, біз жадымыздан бәрін, бізде болғанның бәрін өшіргіміз келеді!» – дейді. Мен: «Күте тұрыңыз. Біз немістерге фашизм мен Гитлердің болғанын еске түсірсек, олар: «Иә» деп мойындайды. Олар: «Біз фашизмді білмейміз, ол кезде басқа Германия болды, жалпы, бәрі Австрияда басталды…» деп айтпайды ғой. Болғанын мойындайды! Фашизмнен қашып құтыла алмайсыздар, ол сіздің сүйектегі таңбаңыз. Ал Ленин туған жері Украина болмаса да, ол біздің сүйектегі таңбамыз. Талай адамды жер қойнына тапсырып, жерледі. Біз дәл осы жер бетінде жүріп, олай жасамау керек екенін түсінуіміз керек, болды.

Владимир Зеленский сөзі

Владимир Зеленскийдің мәлімдемесі контекстен алынып, қайта өңделгендіктен, қатты бұрмаланған. Ал шын мәнінде «сүйектегі таңба» сөзі Ленинге қатысты айтылған.

Фейк: Тірілген мәйітпен оқиға орнынан репортаж

Желіде Украина “бейбіт тұрғындарының қазасы түсірілген” репортаж тарады. Видеода “мәйіттің” бірі мәйіт қабын реттеп жатқандай көрінеді. «Майор и генерал» арнасында бұл видео Украинада түсірілгені жазылып, кейін ковид туралы ескі видео деп түзетілген. «Десе де, бұл Батыстың Ресейге қарсы ақпараттық соғыс әдісінің мәнін өзгертпейді. Мүлде. Өтірік өтірікті жеңе алмайды. Біздің қаруымыз – шындық», – деп түйіндеген арна авторы.

Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар

Шын мәнінде, видеоның коронавирусқа, не Украинаға қатысы жоқ. Видеоның түпнұсқасы 2022 жылдың 4 ақпанында Oe24 арнасында жарияланды. Видео Аустриядағы климат белсенділерінің наразылығына арналды. Вена орталығындағы Федералдық канцлерия ғимаратының жанында 49 адам Аустрияның климатқа қатысты саясатының кесірінен қайтыс болатын болашақ құрбандарды көрсеткен. Трансляция кезінде белсенділердің бірі орнынан тұрған. Осы кадр фейкке негіз болды.

БҰҰ қызметкерлеріне Украинадағы оқиғаны соғыс немесе шабуыл деп атауға тыйым салынғаны рас па?

8 наурызда әлемдік медиада БҰҰ өз қызметкерлеріне Украинадағы соғысқа қатысты «соғыс» және «басқыншылық» сөздерін қолдануға, әлеуметтік желідегі жеке және жұмыс парақшаға Украина туын жүктеуге тыйым салғаны хабарланды. Бұл әлемде үлкен шуға айналып, Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба БҰҰ-ны бұл жаңалық жалған болса, теріске шығаруға шақырды.

Фактчекерлер бұл ақпарат Ирландияның The Irish Times басылымынан тарағанын анықтады. Желіге жалған мақаланың скриншоты тараған:

Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик (фр. Stéphane Dujarric) қызметкерлерге Украинадағы жағдайды сипаттауға «соғыс» және «басқыншылық» сөздерін қолданбауға нұсқау берілмегенін айтты. Мысал ретінде ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Розмари ДиКарло (Rosemary DiCarlo) 8 наурызда жариялаған «бұл соғыс мағынасыз» деген сөзін келтірді:

https://twitter.com/DicarloRosemary?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1500982285142827008%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Ffactcheck.kz%2Fdekonstrukciya-propagandy%2Ffejki-i-iskazheniya-informacii-o-vojne-v-ukraine%2F

Сонымен бірге, Дюжаррик қызметкерлерден «Украинаға қатысты кез келген хабарлама, басқа да ақпаратты ұйымның ұстанымы мен Бас хатшының мәлімдемесіне сәйкес келетіндей жазуды сұрағанын» хабарлады. Алайда нақты қалай жазу керек екенін айтудан бастартты. Оған қоса, Дюжарриктің нұсқаулық туралы скриншотын таптық — ол 4 наурызда жіберілген және «соғыс» немесе «басқыншылық» сөздеріне қатысты нақты ештеңе айтылмаған:

Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар

Нәтижесінде, желіге тараған ақпарат тым болмағанда қызметкерлерге қойылатын талап ретінде жалған екені анықталды.

Украинадағы Жапония елшісі самурай киімін киіп, суретке түскені жайлы

Әлеуметтік желіде Жапонияның Украинадағы елшісінің фотосы тарап жатыр. Twitter, Facebok және ВКонтакте желісіндегі жазбаға сәйкес, елші эвакуациядан бас тартып, Киевте қалған-мыс. Сонымен бірге, оған отбасылық мұрасын — арғы атасының самурай қылышы мен дәстүрлі қару-жарақ жеткізілді.

Бұған қоса, ол самурай қай елде орналасқан болса, сол елді қорғауы керек деп «Слава Японії, Слава Україні!» деді-міс. Ал “Новые известия” басылымында елші “соғысуға” қалды деп жазылған.

https://twitter.com/MaitanovAzamat/status/1497087553337446400

Шын мәнінде, фотода Украинаның Токиодағы елшісі Сергей Корсунский бейнеленген. Елші туиттер желісінде бірнеше сурет жариялаған. Yahoo! News Japan тілшісі елшіліктің баспасөз хатшысынан Корсунскийдің бұл сурет арқылы не айтқысы келетіндігін сұрады. Дипломатия өкілдігі былай деп жауап берді: “Самурай сауытын киіп, елші “Украина халқының самурайлар сияқты өз отанын қорғауға бел буды” деген хабарлама жасауға тырысты.

Фото: Time журналының жаңа мұқабасы

Желіде «Тарих қайталанды» деген тақырыппен Time журналының наурыз айындағы мұқабасы тарады.

Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар

Шын мәнінде бұл дизайнер Патрик Малдердің коллажы. Кезінде Адольф Гитлер де, Владимир Путин де, Time журналының «Жыл адамы» атағын жеңіп алғанына дизайнер сілтеме жасаған. Сонымен бірге, туиттер парақшасында коллажды қалай жасағанын көрсеткен.

Украинадағы соғыс туралы фейк пен бұрмаланған жаңалықтар
Ал Time журналы наурыз айындағы мұқабаның басқа болғанын көрсетіп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz