Украинадағы соғыс: Bellingcat кассеталық оқ-дәрі қолданылғанын анықтады

Bellingcat Украина елді мекендерінде кассеталық оқ-дәрісі бар артиллериялық зымырандардың құлаған жерін анықтады. Журналистер снарядтың ұшу бағытын болжап, снарядты қай тарап қолданғанын зерттеп көрді.

Бұл үшін ашық деректердегі фото және видео материалдардағы құлаған кассеталық оқтың бөлшектері зерттелген. Сонымен бірге, зымыранның ұшу бағытын болжау үшін жерге құлаған бұрышы есептелген.

«Қазіргі уақытта Ресей БМ-27 “Ураган” және БМ-30 “Смерч” бірнеше зымыран жүйесі (MLRS) үшін кассеталық оқ-дәрісі бар зымыран пайдаланған секілді. Мұны осы жүйенің әрқайсысына тән оқ-дәрілер арқылы анықтауға болады», – деп зерттеу авторлары Харьковта жолға құлаған жеті зымыранның бөлшектері жайлы мәліметке сүйене отырып болжайды.

Украинадағы соғыс: Bellingcat кассеталық оқ-дәрі қолданылғанын анықтады

Зерттеу авторлары зымырандардың солтүстіктен, яғни, солтүстік-шығыс бағыттан келгенін анықтады. Украина бұл жақта Ресеймен шектеседі.

Украинадағы соғыс: Bellingcat кассеталық оқ-дәрі қолданылғанын анықтады
Bellingcat картасы

Сонымен бірге, Bellingcat Харьковтан батысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан Ахтырка қаласындағы балабақшаға құлаған кассеталық оқты зерттеген.

Украинадағы соғыс: Bellingcat кассеталық оқ-дәрі қолданылғанын анықтады
Bellingcat зерттеуінше, нақты дәлелдер аз болған соң ракетаны қай тарап атқаны белгісіз.

Bellingcat дерегінше, кассеталық оқ-дәрілер — нысанаға ұсақ жарылғыш оқ-дәрілерді шашатын қару. Ол кең аумаққа таралып, жарылады. Кейін салдарынан шығын көп болады. Жүзден астам ел кассеталық оқ-дәрілер туралы конвенцияға қол қою арқылы оларды пайдалануға тыйым салды. Алайда Ресей де, Украина да бұл конвенцияға қосылмаған.

Ресей кассеталық оқ-дәріні 2014 жылы Украинаның шығысында, кейін Сирияда қолданды. Украина 2015 жылы елдің шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистермен қақтығыс кезінде кассеталық оқ-дәрілер қолданғанын жоққа шығарды. Ал Human Rights Watch мұндай оқ-дәрілер қолданылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz