Twitter Үндістан үкіметін сынаған посттарға шектеу қойды

Twitter әкімшілігі Үндістан үкіметінің пандемия кезіндегі әрекетін сынаған 50-ден астам твиттерді жасырды. Бұл туралы The Verge сайты хабарлады.

Өткен жұмада Үндістан үкіметі Twitter-ге 52 твитті бұғаттау туралы бұйрық жіберді. Бұл ақпаратты ең алғаш жергілікті MediaNama сайты хабарлады. Twitter өкілі The Verge сайтына электрондық пошта арқылы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Үндістан үкіметінің заңнамасына қайшы келетін пост жарияланса, Twitter мұндай посттарды шектеу қояды. Сонымен қатар, ресми өкіл аккаунт иесіне Үндістан үкіметінен ескерту келгенін хабарлайтынын да айтты.

Үндістан заңына сәйкес, үкімет тарапы жала жабу немесе зорлық-зомбылыққа шақыру деп таныған материалды жариялауға шектеу қойылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz