Трамп жақтастарымен байланысу үшін жаңа сайтын іске қосты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жақтастарымен байланысу үшін жаңа жеке сайтын іске қосты. Сайт 45office.com деп аталады. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Сайттың сипаттамасында бұрынғы президент кеңсесі Трамп әкімшілігінің ұлы мұрасын сақтауға ат салысатыны жазылған. Әзірше сайттың төрт бөлімі көрсетілген. Біреуі Дональд және Мелания Трамптың өмірбаянына арналған. Сонымен бірге, Трамп президент болған уақытта қаңдай жетістікке жеткені жазылған.

Байланыс бөлімінде америкалық азаматтарды Трамппен “ой бөлісуге” шақырады. Алайда бұлай жасау үшін жеке ақпаратыңызды жазуыңыз қажет.

Сонымен қатар, Трампты мерекелік іш шараларға шақыруға арналған бөлім көрсетілген. Ал сайттың төртінші бөлігі журналистердің сұрауларына арналған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz