Трамп Twitter және Facebook желісіне тыйым салуға шақырды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Twitter және Facebook желісіне тыйым салуға шақырды. Бұл туралы Forbes.com сайты хабарлады.

Twitter және Facebook еркін және ашық сөйлеуге мүмкіндік бермегені үшін көптеген ел тыйым салу қажет және барлық дауыс естілу керек. <…> Егер өздері жаман болса, ақ пен қараны ажыратып көрсетуге қандай құқығы бар. Мен мұны президент болған кезде жасауым керек еді.

Трамп

Трамп өзінің президенттігі кезінде не үшін желіні бұғаттай алмағанын түсіндірді. Оның сөзінше, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг Трампты мақтап, Ақ үйге қоңырау шалып, бірге жиі кешкі ас ішкен.

Контекст

Бұған дейін Нигерия билігі Twitter желісін пайдалануға тыйым салды. Билік желіні пайдаланған азаматтарға қылмыстық іс қозғайтынын ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz