Нигерияда Twitter желісін пайдалануға тыйым салынды

Нигерия билігі Twitter желісін пайдалануға тыйым салды. Билік желіні пайдаланған азаматтарға қылмыстық іс қозғайтынын ескертті. Бұл туралы CNN арнасы хабарлады.

Нигерияның Бас прокуроры ұлттық реттеуші және коммуникация министрлігіне прокуратурамен заң бұзғандарды ұстап, тергеу барысында бірге жұмыс жасауды бұйырды.

Ақпарат министрі Лай Мохаммед Twitter-дің Нигериядағы жұмысын күдікті екенін айтып, желіні «қос стандартты саясат ұстанады» деп айыптады.

Контекст

  • Бұған дейін Twitter Нигерия президенті Мохаммаду Бухаридің жариялаған материалын өшірді. Бұл жағдайдан кейін Нигерия билігі желіге тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұған қоса, көптеген шенеуніктер президент жариялаған материалдың мазмұнын қорлау ретінде қабылдаған.
  • Twitter желісін Нигерияда пайдалануға тыйым салу туралы заң 5 маусымда қабылданған. Алайда көптеген қолданушылар VPN арқылы Twitter-ді пайдаланып жатыр.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz