ТҚЖБ пәтер беретін конкурс ұйымдастырып жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Instagram парақшасына жазылу арқылы пәтер ұтып алуға болады деген ақпарат тарауда. Күмәнді конкурс жайында ақпарат желі қолданушылары арасында кеңінен тарауда. Расында, ТҚЖБ конкурс ұйымдастырып жатыр ма? Бірге тексерейік…

Үкім: Жалған

Шынында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мұндай конкурс ұйымдастырып жатқан жоқ. Ғаламтордағы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ескерту! Біз әлеуметтік желіде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пәтер жеңіп алуға болатындығы жөнінде өткізіліп жатқан конкурсқа қатысу туралы ақпараттың таратылып жатқандығы туралы ақпарат алдық. Осыған сәйкес біз, Банктің мұндай конкурсты өткізіп жатпағандығын және бұл ақпараттың жалған екендігін ресми түрде хабарлаймыз.

ТҚЖБ инстаграмдағы ресми парақшасынан алынды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми мәлімде жасағанға дейін @zhylstroi_kvartira парақшасында 12 пост жарияланған. Сондай-ақ парақша ашық болатын. Кейіннен жабық аккаунтқа айналып, артынша парақша өшірілді.

Алаяқтар конкурс ұйымдастырғанда қатысушыларға негізінен ұқсас талаптар қояды. Түпкі мақсаты оқырмандарды адастыру және сәйкес аккаунтарға жазылушыларды жинау және бұдан да өзге жаман пиғылдары да болуы ықтимал. Мәселен, жоғарыдағы бәйгенің талаптары төмендегідей еді:

  • Парақшаға тіркелу
  • Жазылым бөліміндегі барлық демеушіге жазылу
  • Постқа 7 досын белгілеу

Әлеуметтік желілерде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тек 3 аккаунты бар және олардың ешқайсысында түпнұсқалығын дәлелдейтін айрықша белгі жоқ:

Оқуға кеңес береміз:

Жалған | Құлыбаев Халық банктегі акциясын сатылымға шығарды

Абайлаңыз! Olx.kz және Kaspi.kz бағдарламаларындағы интернет-алаяқтық

Factcheck.kz