The Insider: Ресейде тараған Украинадағы биолабораториялар жайлы құжат — фейк

Жақында Ресей билігіне жақын медиалар “Украинадағы құпия биологиялық зертханалар мен олардың АҚШ әскери биологиялық зертханаларымен байланысын дәлелдейтін Украина Қорғаныс министрлігінің құжаты” жайлы материал жариялаған. The Insider журналистері құжаттың фейк екенін анықтады.

The Insider: Ресейде тараған Украинадағы биолабораториялар жайлы құжат — фейк
Ресейлік медиа таратқан фейк құжат

Ресейде фейк құжат жайлы ақпаратты “Известия”, “Взгляд”, “РЕН ТВ” және “Царград ТВ” телеарналары хабарлаған. The Insider хабарынша, “құжатта Украина президенті Владимир Зеленскийдің америкалық зертханалармен жұмыс істеген украиналық кәсіпорындар мен әскери қызметкерлердің жеке деректерін жою туралы жарлыққа қол қойғаны жазылған”.

The Insider “құжаттағы” украин тіліндегі қателерді және мәтіннің алдымен орыс тілінде жазылып, кейін украин тіліне қате аударылғанын анықтаған. Мәселен, “құжат” мәтінінде “жеке іс” тіркесі — “бұл менің ісім” деген мағынаны білдіреді.

Бұдан бөлек, фейк “құжатта” “Украинаның қауіпсіздік қызметінің” (укр. Служба безпеки України; СБУ) кеңсе жүйесінде бұйрықтың тіркелгендігі жазылған. Онда мекен-жай ретінде: “ул. Володимирська, 33, г. Київ” деп көрсетілген. Ал The Insider дерегінше, украин тілінде “көше” сөзі — “вулиця”, “қала” — “мicто” екенін ескерсек, тиісінше, “вул.” және “м” қысқарту дұрыс болар еді.

Сонымен қатар, Украинаның арнайы қызметі өкілінің The Insider редакциясына іскерлік құжаттарда “Служба безпеки України” сөзінде “безпеки” сөзі әрдайым кіші әріппен жазылатынын айтқан. Бұған қоса, оның сөзінше, электрондық кеңсе жүйесінде тіркеуді растау құжаттың жоғарғы емес, төменгі жағында орналасуы керек.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz