Alash Media Group холдингінің басшысы, Tengrinews.kz порталының негізін қалаған Батыр Қазыбаев 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Қазыбаев Alash Media Group холдингін 10 жылдан астам уақыт басқарған. Холдинг құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz және Massaget.kz порталы, сонымен қатар, Жұлдыз FM радиостанциясы, Ретро FM Қазақстан, СТВ телеарнасы кіреді.
Factcheck.kz редакциясы Батыр Қазыбаевтың отбасына, әріптестері мен жақындарына көңіл айтады.