“Статусыңды тексер де 50 мың тг ал!” – тағы да алаяқтар

Кешелі бері WhatsApp-та “қаржы министрлігі өмір сүру жәрдемақысын алуға өтініш қабылдап жатыр” деген хабарлама тарап жатыр. Сілтемеге басып, өтініш жіберу арқылы статусыңызды тексеріп береді-міс. Алаяқтардың кезекті схемасын factcheck.kz тексеріп көрді.

"Статусыңды тексер де 50 мың тг ал!" - тағы да алаяқтар

Қаржы министрлігі өмір сүру жәрдемақысын алуға өтініш қабылдап жатыр.

WhatsApp таралма

Үкім: Фейк

Біріншіден, жәрдемақы беруді қаржы министрлігінің құзырында емес. Қазақстанда жәрдемақы берумен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тіпті қаржы министрлігі берді деген күннің өзінде ресми сайттарында бұл туралы алдын ала хабарланады.

Екіншіден, жәрдемақы тағайындау жүйесі күмән туғызады. Себебі сіз сілтеме арқылы “сайттарына” өтіп өтініш берсеңіз, “тексеру” батырмасы арқылы оп-оңай жәрдемақы “ала аласыз.”

Иә, бұл сайт тым түсініксіз әрі шытырман: luovipetqjo.top сайты арқылы қаржы министрлігі жәрдемақы береді-міс. Whois арқылы сайттың тіркеу деректерін қарап көрсек, сайт кеше ғана, яғни 14 қараша құрылған екен. Осы арқылы біз бұның адамдардың дербес деректерін жинайтын кезекті құйтырқы әрекет екеніне көз жеткіземіз.

"Статусыңды тексер де 50 мың тг ал!" - тағы да алаяқтар

Естеріңізде болсын: Ешқандай министрлік WhatsApp-тан ақпарат таратпайды не өтініш қабылдамайды! Ресми жәрдемақыға өтінішті тек Egov не телеграмдағы Egov-тың боттары арқылы жүзеге асырады. Оны біз 42 500 теңгенің тәжірибесінен білеміз. Сонымен қатар, WhatsApp ресми хабар тарататын орын емес, ол – хат алмасатын мессенджер ғана.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz