Шындық | Коронавируспен ауырған 2 дәрігердің беті қарайған

Соңғы күндері қазақстандық (tengrinews.kz, kaskad.tv, lada.kz) және әлемдік (dailymail.co.uk, bild.de) бірқатар медиада коронавируспен ауырған екі қытайлық дәрігердің бет терісінің түсі өзгеруіне қатысты материалдар шықты. Бұл таңқаларлық жағдай расымен болды ма? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Коронавируспен ауырған қытайлық екі дәрігердің бет терісінің түсі өзгеріп кеткен

Үкім: Шындық

CCTV телеарнасының мәлімдеуінше, жылдың басында Ухань орталық ауруханасының екі дәрігері И Фан мен Ху Уейфың коронавирус індетін жұқтырып алған. Уақыт өте келе емделу барысында екеуінің бет терісі қарая бастаған.

Алдымен олар Ухань қаласындағы өкпе ауруханасында емделіп, кейін жергілікті “Тунцзи” ауруханасына ауыстырылды. Beijing TV хабарлауынша, тері түсі өзгеруінің басты себебі – дәрінің ағзаға жанама әсері. Соның салдарынан бауыр зақымданған әрі гормоналды теңсіздік (дисбаланс) болған.

Қазіргі уақытта екі науқас палатаға ауыстырылған. Дәрігер И Фанның жағдайы тәуір, тіпті CCTV теларнасына өзінің жағдайы туралы сүхбат берген. Ал, дәрігер Ху Уейфыңның жағдайы ауыр, оны емдеген дәрігер Ли Шушеңнің айтуынша, оған әлі де емделу керек.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор