Шындық | Қазақстанда мұғалімдердің 80%-ы – әйелдер

28 қарашадағы мәжілістің пленарлық отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов «Педагогтың дәрежесі туралы» заң жобасын таныстырып, депутаттар оны бірінші оқылымнан-ақ қолдады. Парламент төменгі палатасының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ирина Аронова мекеме басшысының назарын заң жобасында «мамандыққа ер азаматтарды тарту туралы тікелей нормалардың жоқтығына» аударды. Ол қазіргі уақытта қазақстандық мұғалімдердің 80%-ы әйелдер екенін атап өтті. Министр бұл мәселені жоққа шығармай, былай деп мәлімдеді:

Қазіргі күні біз мұғалім мамандығының феминизациясын өткерудеміз. Жұмыс істеп жатқан ұстаздардың 81%-ы әйелдер, тек 19%-ы ғана ер азаматтар. Жалпы мектептерде 60 мыңға жуық ер азамат қана ұстаздық қызметте, оның өзі, өздеріңіз білетіндей, негізінен директорлар, еңбеккерлер және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

Асхат Аймағанбетов, ҚР Білім және ғылым министрі

Үкім: Шындық

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018/2019 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 339 мыңға жуық педагог қызмет атқарған, олардың 81%-ы – әйелдер. Осылайша, ер азаматтардың үлесі шынымен 19%-ды құрап, 64,4 мың мұғалім болған.

Бұрынырақ біз осыған ұқсас пікірді тексергенбіз. Осы жолы нақты әрі актуалды мәліметтерді, оның ішінде ҚР облыстары және әлем бойынша ақпараттарды да келтіреміз.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада «аймақтар бойынша бөлгенде мұғалімдер құрамында ер азаматтардың үлесі  11,9%-дан 27,4%-ға дейінгі аралықта» екені айтылған. Ұстаздық қызмет ететін ер азаматтар Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында көп, керісінше Маңғыстау, Атырау облыстарында және Алматы қаласында аз.

Шындық | Қазақстанда мұғалімдердің 80%-ы – әйелдер

2018 жылы Қазақстан бірінші рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 2008 жылдан бері өткізетін оқыту мен білім берудің TALIS халықаралық зерттеуіне қатысты. Республика бойынша сауалнамаға 333 мектептен 6 мыңнан аса мұғалім қатысты. Жалпы зерттеуде әлемнің 48 елінің мәліметтері сарапталған.

TALIS-2018 мәліметі бойынша, мектеп мұғалімдері арасындағы әйел адамдардың үлесі 75,9%-ды құрайды (I.3.17 кесетесі). Сонымен қатар, орташа есеппен алғанда ЭЫДҰ елдерінде әйел мұғалімдердің үлесі – 68%. Ұстаз мамандығы Латвия, Ресей, Литва, Эстония, Грузия елдерінде феминизмге көбірек жақын. Зерттеуге қатысқан елдер ішінде мектеп мұғалімдеріндегі ер азаматтың үлесі 50%-дан асқан жалғыз ел – Жапония.

Зерттеу авторлары мұғалімнің жынысы оқушылардың білім сапасына әсер етпейді дейді.

Дегенмен оқытушы құрамындағы гендерлік баланс оқушылардың тәртібіне, олардың мансабының бағытына және дисциплина қатары бойынша жетістіктеріне әсер етеді,

– делінген баяндамада.

Әйел оқытушылардан бөлек, зерттеуде мектептерді басқарып отырған әйелдердің де үлес салмағы есептелген. ЭЫДҰ елдерінде орташа есеппен мектеп директорларының 47%-ы – әйелдер. Қазақстанда мектеп басшылығының тізгіні 53,1% әйелдердің қолында (I.3.21 кестесі). Дегенмен бұл көрсеткішті қатардағы нәзік жанды оқытушылармен салыстырсақ, Қазақстандағы жағдай әділетсіз көрінеді.

Шындық | Қазақстанда мұғалімдердің 80%-ы – әйелдер

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz