ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Шығыс Қазақстан әкімі мен тікұшақтарды сатып алу оқиғасы қазаннан бері созылып келе жатыр. Қазанда «За нами уже выехали» арнасының авторлары мемлекеттік сатып алу сайтынан облыс әкімі аппараты жариялаған тендерді байқады. 1-санатты МИ-8 тікұшағын жалға алуға 139 044 196 теңге бөлінген. Қоғам дүрліккеннен кейін лот тоқтаған еді. Бірақ әкімдік тендерді қайта жандандырыпты.

Бұл материалда Шығыс Қазақстан облысының әкімі әуе кемесіне қанша қаржы жұмсайтынын және тендерді кім ұтып алатынын айтып береміз.

Тікұшақтарды сатып алу неге тоқтады?

Биыл 4 қазанда ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың аппараты мемлекеттік сатып алу сайтында жолаушыларды кестесіз тасымалдайтын әуе кемесінің қызметін сатып алу бойынша хабарлама жариялады. Ведомство оған 139 044 196 теңге бөлуді жоспарлаған.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Техникалық сипаттамасынан түсінгеніміздей әңгіме 1-санатты МИ-8 тікұшағы туралы болып отыр. Талаптарында әуе кемесі 22 адамды және кабинаның ішінде жолаушылармен қатар 3000 келі жүкті тасымалдауға қабілетті болуы керек екені көрсетілген. Ұшақ Өскеменде тұрақтауы қажет.

Қызметті күн сайын көрсету керек деп нақтыланған: демалыс және мереке күндері де. Сондай-ақ жеткізуші, қажет болған жағдайда, жазбаша немесе ауызша өтініш тастағаннан кейін бір сағат ішінде жедел ұшуды да қамтамасыз ете алуы қажет. 2021 жылға талап етілген қызмет көлемі 189 сағаттан кем емес.

«За нами уже выехали» арнасының авторлары мұндай әуе кемесінде бір сағат ұшу үшін салық төлеушілер 735 683 теңге төлеуі қажеттігін есептеді.

Дегенмен тендер жарияланғаннан кейін көп ұзамай ШҚО Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің шешімімен тоқталды. Камералық бақылау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар анықталды – «қызметтің шекті деңгейінен асып кету». Заң бойынша сатып алу сомасы 116 680 000 теңгеден аспауы керек.

Мекеме аппеляцияға берген жоқ.

Бұл тендер мемлекеттік сатып алу сайтында қалайша қайтадан пайда болды?

Оның орнына 10 қазанда мемлекеттік сатып алу сайтында «uslugi vertoletom klassa 1» деген атпен жаңа хабарлама пайда болды. Бірақ бұл жолы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының (әкімдіктің водомствоішілік ұйымы) атынан жарияланды. Оған да 139 044 195 теңге бөлуге әзір.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Тендер өтініштерді қабылдау кезеңінде тұр, ол 30 қазанда аяқталады. Қазіргі уақытта жеткізуші ретінде бір ғана үміткер бар.

Жаңа тендердің сипаттамасы бұған дейінгімен бірдей, тек бұл жолы тікұшақтың моделі көрсетілмеген. Әкімдікке бұрынғыдай 22 адам мен 3000 келі жүк тасымалдай алатын әуе кемесі қажет, ал бір жылдық ұшу уақыты 189 сағат болуы керек.

Хабарлама мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының аты латын қарпімен жазылғанына назар аударайық. Егер нақты атауын білмесең, тендерді ашық деректер базасынан бұл қаріппен іздеп табу қиын. Айта кетейік, тендердің сайтта жарияланғанына бір аптадан асты, мұнда да мемлекеттік сатып алудың шекті сомасынан асып кеткеніне қарамастан, мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ешқандай сұрақ туындамағаны қызық.

Биыл ақпанда тікұшақтарды жалға алып үлгерген…

Бір қызығы, биыл әкімдік тікұшақтарды жалға алып қойған. 15 ақпанда ШҚО әкімінің аппараты бірінші және екінші санаттағы әуе кемелерін жалға алуға 108 006 251 теңге бөлген. Ол кезде әкімдікке 1-санатты МИ-8 бен бір санат төмен (моделі көрсетілмеген) екі тікұшақ қажет болған.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Бірінші санатты әуе кемесінің техникалық сипаттамасы бұған дейінгімен бірдей. Үшінші тікұшақ та бір жыл бойы қызмет етуі керек, бірақ алты адам мен кабинадағы адамдармен қоса 700 келіден аспайтын жүкті тасымалдай алса жеткілікті. Бір жыл ішіндегі көрсетілуі тиіс қызмет көлемі –  бес сағат қана.

Келісімшарт орнатылғаннан кейінгі тендердің жалпы сомасы 107 194 119 теңге болған, бірақ  соңында орындалған сома 104 248 073 теңге ғана болып тұр. Бірінші тікұшақ 55 574 092 теңге болған, екіншісі – 48 673 981 теңге болса, үшіншісі ведомствоға тегін бұйырған.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Ескере кететін жайт, мемлекеттік сатып алу порталындағы электронды актілер бойынша ұшу құны төленген сомадан тіпті асып кеткен. 1-санатты бірінші тікұшақта 2021 жылы ұшу 62 242 983 теңге болған, екіншісі – 54 514 858 болса, үшінші 2-санатты кеме – 1 349 790 теңгені құраған.

Жалпы ұшу құны 118 107 631 теңге болды. Бұл – ШҚО әкімдігі төлеген сомадан 13 859 558 теңгеге көп.

Биылғы ең қымбат ұшу 24 мамырда «Өскемен – Семей – Аягөз – Өскемен – Риддер – Семей – Өскемен» бағытында болды. Оған мемлекеттік бюджеттен 5 973 260 теңге кеткен.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

2020 жылы қанша қаржы жұмсалды?

Былтыр ШҚО әкімінің аппараты тікұшақтарды жалға алуға екі тендер өткізді. Бірінші келісімшарт 102 863 062 теңгеге (100 184 906 теңге 1-санаттағы тікұшаққа және 2 678 156 теңгесі 2-санаттағы кемеге) жасалды. Кейінірек келісімшарт бұзылды, бірақ 100 674 094 теңгеге қызмет көрсетілді.

Дереккөз – Қазақстан бойынша біріккен ашық деректер базасы

Жалпы әкімдік қызметкерлері қалалар арасында 48 рет ұшып-қонған. Мемлекеттік сатып алу электронды актілерінің мәліметі бойынша, жалпы ұшу құны 112 754 986 теңге болған. Бұл келісімшарттағы сомадан 9 891 924 теңгеге артық. Ең қымбат ұшып-қонуға қазынадан 14 386 048 теңге жаратылған, бірақ жеткізушілер, өкінішке қарай, рейстің қай бағыттарға қатынағанын көрсетпеген.

Екінші келісімшартта 1-санаттағы тікұшаққа 26 622 562 теңге бөлінгені туралы айтылған, бірақ шын мәнінде әкім аппараты 875 742 теңге төлеген.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Бұл тікұшақпен әкімдік қызметкерлері бір-ақ рет «Өскемен – Киров шығанағы – Өскемен» бағыты бойынша ұшқан. Электронды актілер мәліметі бойынша, бұл ұшып-қону құны – 980 831 теңге болды.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

ШҚО әкімдігі ұшақтарды өзіне бағынышты ведомстводан жалға алады

Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, жоғарыда аталған тендерлер әрқашан бір көзден өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған. Олар екі жағдайда қарастырылған: біріншісі — мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылса, екіншісі — 52 негіз бойынша жеткізушілермен тікелей шарт жасасу арқылы сатып алу.

Іс жүзінде, бастапқы сатып алу өтпеді деп танылғаннан кейін тапсырыс беруші тек бір жеткізушіге сатып алуға шарт жасасуды ұсынады. Егер мемлекеттік сатып алу нысанасы бірнеше бөлікке бөлінген болса, екі және одан да көп жеткізушіге шарт жасасу үшін ұсыныс білдіруге болады.

2020 жылы мемлекеттік сатып алуды өткізудің мұндай тәсілін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин сынға алған болатын. Оның айтуынша, бұл тәсіл жемқорлыққа жол ашуы мүмкін, ал депутаттар мұндай жолмен келісімшарт жасауды мүлдем алып тастауды ұсынған.

Бір қызығы, жоғарыдағы тендерлердің жеңімпазы үнемі «Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі» болып отырған.

ШҚО әкімдігі өзіне бағынышты ұйымнан жүздеген миллионға тікұшақ жалдаған | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Ол ШҚО әкімінің аппаратына есеп беретін ұйымға жатады, ал тендерді ұйымдастырған сол аппараттың өзі. Бұл ақпаратты мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер де растайды. Яғни, Даниал Ахметовтың ведомствосы тікұшақтарды өзіне бағынышты ведомстводан жыл сайын жүздеген миллион теңгеге жалға алады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz