«Шекарасыз репортерлер» баспасөз бостандығы дұшпандарының тізімін жариялады

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь билеушісі Александр Лукашенко «Шекарасыз репортерлер» (RSF) дайындаған «баспасөз бостандығы дұшпандарының» жаңа тізіміне енді. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Бұл тізімге алғаш рет Еуроодақ мүшелерінің бірі Венгрия үкіметінің басшысы премьер-министр Виктор Орбан да кірді.

«Әлемнің барлық аймағында жаңа фигуранттар пайда болды. Олардың репрессия әдісі әртүрлі, бірақ олар бір мақсатты көздейді. Яғни, болған оқиғаны сыни түрде жариялауға жол бермеу», – деді Германиядағы «Шекарасыз репортерлар» ұйымының жетекшісі Кристиан Мир (Christian Mihr).

5 шілдеде жарияланған тізімде 37 мемлекет пен Үкімет басшысы бар. Үкіметтік емес ұйымның хабарлауынша, тізімге енген басшылар өз елінде журналистерге қатты қысым жасайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz