Сенатор Қызылорда облысындағы су ресурстарының жағдайы туралы

Наурыздың 18-де өткен Сенат отырысында Мұрат Бахтиярұлы үкімет басшысына сауал жолдап, ол жерде Сырдария өзені, Кіші Арал және аймақтағы су ресурстарының жағдайына байланысты мәселе көтерді. Депутат келтірген деректердің рас-өтірігін тексердік.

Кіші Арал теңізінде 15 млрд текше метрден 27 млрд текше метр суға жетті.

Мұрат Бақтиярұлы

Үкім: Шындық

Сенатор 2003-2010 жылдары аралығында “Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау” деп аталатын бағдарламаның бірінші кезеңін меңзесе керек. 2004 жылы 15,6 миллион километр болған Кіші Арал теңізі 2010 жылы 11,5 миллион текше километрге өсіп, барлығы 27,1 текше километрге жеткен.

Қызылорда облысының жер қорында 230 мың гектар суармалы [жер бар-авт.] оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілген 180 мың гектар жер бар.

Мұрат Бақтиярұлы

Үкім: Шындық

Қызылорда облысының әкімдігі хабарлауынша, аймақта суарылатын жердің көлемі 252 мың гектарды құрайды. Оның 178,6 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілген.

Облыста 158 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі, жалпы құны 161 млрд. теңгені  құрайтын
3 жобаны іске асыру үшін жұмыс жалғасып жатыр.

Қызылорда облысындағы суармалы жерлердің елдегі жалпы үлесі 16%-ды құрап, оның Республикадағы су ағымының 43%-ын тұтынады екен.

Мұрат Бақтиярұлы

Үкім: Шындық, бірақ…

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, елімізде 1 млн 546 мың гектар суарылатын жер бар. Оның 252 мың гектары Қызылорда облысына тиесілі болса, бұл жалпы көрсеткіштің 16%-ін құрайды.

Ашық дереккөзде тек 2019 жылға дейінгі ақпарат бар. Депутат сөзін сол кездегі дерекпен нақты тексере алмасақ та, сол уақыт санына қаншалықты жуықтайтынын көруімізге болады.

2019 жылы суаруға қолданылған су көлемі еліміз бойынша 10 300 млн текше метр болған. Оның 3 314 млн текше метрі Қызылорда облысына тиесілі. Проценттік көрсеткіште бұл 32%. Ал жалпылама айтсақ, Қызылорда облысы Республика бойынша 20% су пайдаланған.

Қазір Кіші Арал теңізінде 22 млрд текше метр су бар. Ол алдыңғы жылдарға қарағанда 5 млрд текше метрге азайған. Тек былтырғы жылдың ішінде су тапшылығынан Қамбаш көлі жағалауынан 250-300 метрге дейін қашықтап кетті.

Мұрат Бақтиярұлы

Үкім: Жартылай шындық

Қызылорда облысының әкімдігінің хабарлауынша, Кіші Арал теңізінің көлемі 2021 жылдың наурызындағы мәлімет бойынша 23,77 млрд текше метру су бар. Қазір Қамыстыбас көлі (Қамбаш) былтырдан бері жобамен жағадан 200-300 метр алшақтаған. Алайда бұл жайында нақты айтуға келмейді.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz