Сарапшылар InternetCA-2021-де Орталық Азия елдеріндегі интернетті реттеу жайын талқылайды

18-19 қарашада «InternetCA-2021 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты XII Орталық Азиялық форум өтеді.

Форумда сарапшылар онлайн ресурстарды бұғаттау, сөз бостандығы, Қазақстанда балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заңнамалық бастама жайлы және интернетті реттеу бойынша Орталық Азия елдерінің ұлттық заңнамалық тәжірибесі туралы талқылайды.

Форумға Қазақстан, Аустрия, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстаннан келген қонақтар қатысады.

Қатысу үшін 17 қарашаға дейін мына сілтемеге өтіп, тіркелу қажет.

Форум онлайн форматта MediaNet-тің Facebook (орыс тілінде) және YouTube (қазақ тілінде) парақшасында көрсетіледі.

InternetCA-2021 форумын MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Конрад Аденауэр қор және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен өткізгелі отыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz