Ресей Ішкі істер министрлігі дипфейкті анықтайтын бағдарламаны алады

Ресей Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың қараша айында дифейкті анықтайтын “Зеркало” бағдарламасын алады. Бұл туралы министрлік жасаған келісімшартқа сілтеп, ТАСС сайты хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, дипфейк көмегімен басқаларға жала жауып, қылмыс көрсетілген видеоға кінәсіз адамды қосуға болады. Бағдарлама жұмысының толық атауы — «Нейрон желісін қолданып, видеомонтаж белгілерін анықтау жолын зерттеу».

Бұған қоса келісімшарттың жалпы сомасы — 3,5 млн рубль (шамамен 20 млн теңге) екені жазылған. Ал ғылыми зерттеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында аяқталады.

Контекст

Жасанды интеллект адамның қозғалысын айнытпай салып, адам жазып, үйреткен нәрселерді күмән келтірместей етіп көрсетеді. Дипфейк — жалған видео ғана емес, компьютер алгоритмдерін қолданып, суреттер базасы арқылы да әзірлейтін видео.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz