Путиннің қамауда отырғаны рас па?

Әлеуметтік желіде Ресей президенті Владимир Путиннің терроризмге қатысы бар деген айыппен темір тордың ар жағында отырған видеосы тарады. Алайда Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері видеоның фейк екенін анықтады.

70 000-нан астам қаралым жинаған видеода Путиннің адам көп жиналған сот залындағы темір тордың ар жағында тұрғаны көрсетілген.

«Шұғыл жаңалықтар: Сыртқы істер министрлігі Ресейде төңкеріс болғанын және Путиннің үйқамақта екенін айтты», – делінген 12 қыркүйекте жарияланған қытай тіліндегі Twitter-де.

https://twitter.com/GvqVd6J2jdCOJYP/status/1569327860539867136?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1569327860539867136%7Ctwgr%5E0b5e795d14f26426e919428f1b805ef652d7d6ee%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Ffactcheck.kz%2Fv-mire%2Fvideo-s-putinym-za-reshyotkoj-okazalos-smontirovannym-afp%2F

Бейнеде Ресей басшысына “террорлық акт жоспарлады” деген айып тағылғаны туралы субтитрлер бар. Видео осыған ұқсас мәлімдемелермен Twitter және Gettr-де де жарияланды.

Фактчекерлер суретті кері іздеу жүйесі арқылы дәл осы видеоның YouTube-қа он жыл бұрын, яғни 2012 жылғы 14 ақпанда жарияланғанын анықтады. Сипаттамада «Ресейді өлтіру» фильмі туралы айтылады және 2002 жылы шыққан деректі фильмге сілтеме берілген.

AFP-тің 2012 жылғы материалында видеода сотталған ресейлік олигарх Михаил Ходорковтың бетінің орнына Путиннің жүзі монтаж және өңдеу арқылы қойылғанын жазған. Видео 2012 жылғы президент сайлауы қарсаңында кеңінен тарады. Сонымен бірге ролик 1999 жылы ресейлік барлау агенттіктері бірнеше пәтерде жарылыс ұйымдастырғаны туралы кітапқа негізделген деректі фильмді насихаттау үшін түсірілген деседі.

Бір сәтте видеода деректі фильмнің мұқабасы бейнеленген DVD қорабын көрсетеді.

Путиннің қамауда отырғаны рас па?
Бейне скриншоты

Мұнда әңгіме 2011 жылы түсірілген «Ходорковский» деректі фильмі туралы. Оның сюжетінде 2003 жылы түрмеге қамалған және Путинмен жанжалдан кейін алаяқтық және салық төлеуден жалтарған деген айыппен абақтыда он жыл отырған олигарх жайында баяндалады.

Қазір Ходорковский бостандыққа шыққаннан кейін Ұлыбританияда тұрады және Путинді сынға алушылардың біріне айналды.

Деректі фильмнің IMBd сайтында Ходорковскийдің соттағы әртүрлі скриншоты бар. Кадрда тордағы Ходоковскийді күзетшілер қоршап алған. Оған қоса олигарх тарап жатқан кадрлардағы Путинмен бірдей киім киген. Ходорковский бейнеленген скриншотта да, Путин көрсетілген видеода да сотқа қатысушылар — бір адам.

 

Factcheck.kz