Өзбекстан билігі Нүкісте 18 адам қаза тапқанын хабарлады

Өзбекстан Бас прокуратурасы 1-2 шілдеде Нүкісте болған митиң кезінде 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Gazeta.uz сайтына сілтеп, Vlast.kz сайты хабарлады.

Өзбекстанның ресми дерегінше, жараланған 243 адамның 38-i құқық қорғау органының қызметкері. Бұған қоса, 149 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 94 адам ауруханада жатыр, оның ішінде ауыр жараланғандар бар.

Сонымен қатар, шілденің 3-інен 4-іне қараған түні коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін 110 адам ұсталған. Жалпы 1-2 шілдеде 516 адам ұсталған, олардың кейбірі әкімшілік жазаға тартылды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Контекст

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау қажеттігін мәлімдеді. Бір күн бұрын Қарақалпақстан астанасы Нүкіс пен республиканың өзге қалаларында жаппай наразылыққа ұласты.

Гүлнұр Бітіс