«OpenTender.kz» жобасының тұсаукесері өткізіледі

2021 жылдың 20 сәуірінде 15.00-де Сорос-Қазақстан Қорының және MediaNet Халықаралық журналистика орталығының ақпараттық қолдауымен “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін онлайн сервис жасау” жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы “OpenTender.kz жобасы мүмкіндіктерінің тұсаукесері” тақырыбында онлайн-конференция өткізіледі.

Конференция кімге арналған?

  • Зерттеуші-журналистер мен БАҚ ұйымдарына;
  • ҮЕҰ қызметкерлері мен жетекшілеріне;
  • Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға;
  • Қызығушылық танытқан азаматтарға.


Конференциядан нені білесіз?

  • Мемлекеттік сатып алу мәліметтерін сараптау тәсілдері 
  • OpenTender.kz порталындағы “күдікті” сатып алуларды іздеу тәсілдері 
  • Жобаның міндеті мен оның болашақтағы дамуы
  • Порталды түзеуге азаматтардың қатысу мүмкіндігі.

Конференция қайда және қашан өтеді?

  • Күні: 20.04.2021 г.
  • Уақыты: 15:00-16:30.
  • Өтетін орны: Zoom
  • Конференция идентификатор: 980 1804 5467
  • Код: 445401

Кімдер қатысады?

  • Орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері
  • БАҚ өкілдері
  • Сарапшылық қоғам өкілдері

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz