NYT: Instagram жасөспірім аудиториясы азаяды деп қорқады

Facebook компаниясына тиесілі Instagram желісі жасөспірім аудиториясын азайып кетуіне алаңдайды. Бұл туралы New York Times анонимді дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Осыған байланысты, маркетингке арналған бюджеттің едәуір бөлігі жасөспірім аудиториясына жарнама жасау үшін жұмсалады.

Басылымның жазуынша, 2018 жылдан бастап Instagram желісінің маркетингке арналған бюджеті жас аудиториямен байланысқа жұмсалған. Ал биылғы бюджет 390 миллион долларды құрады.

Биыл қыркүйекте Instagram Kids жобасы бойынша жұмыс тоқтатылған. Бұл жобаның нақтыланған аудиториясы 13 жасқа дейінгі балалар болған. Ал Instagram басшысы Адам Моссери Instagram Kids жобасы керек екенін айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz