NASA “Джеймс Уэбб” телескобы арқылы түсірілген суретті жариялады

NASA “Джеймс Уэбб” деп аталатын телескоп арқылы түсірілген ғаламның алғашқы анық суретін жариялады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

NASA "Джеймс Уэбб" телескобы арқылы түсірілген суретті жариялады
SMACS 0723 галактикаларының үлкен шоғыры | Дереккөз: ВВС

Телескоп “SMACS 0723” галактикаларының үлкен шоғырын суретке түсірген. Фотода мыңдаған галактикалар, соның ішінде инфрақызыл диапазондағы ең күңгірт нысандар алғаш рет көрініп тұр.

ВВС жазуынша, басқа суреттер 12 шілдеде Вашингтон жанындағы Годдард ғарыштық ұшу орталығынан жүргізілетін тікелей эфир кезінде жарияланады.

Контекст

Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы (JWST) — Күннің айналасындағы алыс орбитаға шығарылатын инфрақызыл сезімтал телескоп. Ол NASA-ның бұрынғы басшысы Джеймс Уэбб құрметіне аталған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz