Мұхаммед Салах Англиядағы исламға деген құрметті арттырды ма?

Маусым айында ztb.kz сайтының инстаграм парақшасында мынадай ақпарат жарияланды (мәтін орыс тілінен аударылды): 

Скриншот ztb_kz инстаграм парақшасынан алынды.
“Стаффордшир университетінің зерттеушілері қызықты фактіні анықтады. Олардың айтуынша, футболшы Мұхаммед Салах Англияда, әсіресе, футбол жанкүйерлерінің арасында исламофобия деңгейін төмендетті. Мысырлық Мұхаммед Салах Англияның «Ливерпуль» клубына келгелі, әлеуметтік желіде 50%-ға ислам діні жайлы негативті пікірлер азайған. Сондай-ақ, ислам дінімен құндылықтарын сәйкес келеді дейтін британдықтар 5 %-ға артқан.

Әрине, футболшылардың әлемнің түпкір-түпкірінде жанкүйерлері қаншама. Кейде футболшылар арқылы фейк жаңалықтар тарап кетуі ғажап емес. (Мысалы, Роналдудың Палестинаға бір жарым миллион доллар қайырымдылыққа бөлді деген фейк ақпаратты еске түсіре кетейік.) Сондықтан да, Factcheck.kz бұл ақпараттың рас-өтірігін тексерген болатын.

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, бұл зерттеуді Стаффордшир университетінің емес, Станфорд университетінің зерттеушілері жүргізген. 80 беттен тұратын зерттеуде 4 автордың аты аталған. Олар: Ала Альрабаба, Уильям Мэрбл, Александра Сигел және Сальма Моуса. Зерттеудің түпнұсқасы Open Science Framework – тың сайтында 31 мамыр күні жарияланды. Авторлардың сайтта да және зерттеу құжатында Стэнфорд университетінен екені ап-анық жазылған. 

Зерттеу жұмысының бірінші беті

Авторлар бұл зерттеу қорытындысында мұндай нәтиже болады деп ойламаған. Себебі, олар автоматты іздеу құралы арқылы британ футбол жанкүйерлерінің “ислам”, “мұсылман”, “араб”, “мұсылмандар”, “мұсылман”, “мешіт”, “мешіттер” сөздері арқылы ислам діні жайлы жазылған жазбаларды іздеген. Мұхаммед Салах келгелі (22 маусым, 2017 жыл)  жағымсыз, исламофобиялық пікірлерді “Ливерпуль” клубының жанкүйерлері расымен де 47, 8 % – ға аз жазатыны көрсетілген. 

Скриншот зерттеу жұмысының құжатынан алынды

Сондай-ақ,  британдықтандардың  құндықтылықтары ислам дінімен сәйкес келеді дейтін адамдар саны 5 %-ға расымен артқан.

Скриншот зерттеу құжатынан алынды.

Дегенмен, біз Салахтың арқасында ислам дініне деген құрмет артып, мұсылмандарға көзқарас өзгерді деп нақты айта алмаймыз. Біріншіден, адамдардың әлеуметтік желідегі жазбалары мен пікірлері тек Салах келгеннен кейін ғана емес, (Салах жалғыз мұсылман футболшы емес) жеке өмірлерінде мұсылмандармен қарым-қатынасының жақсарғаны да әсер етуі мүмкін. Бұл жердегі негізгі мәселе британдықтардың мұсылмандарға деген құрметі болған соң, тек Салахпен шектеле алмаймыз. Себебі, бұл әлеуметтік мәселе екенін ескерейік.

Екіншіден, бұл зерттеудің авторлары, кілт сөздермен іздегеннен кейін, 100 % оған сене алмаймыз. Себебі, адамдар әлеуметтік желіде басқа жазбалар жазса, біз білмейтін жеке хабарламаларда басқа ойда болуы мүмкін.

Үшіншіден, автоматтандырылған мониторинг ешқашан нақты нәтиже бермейді. Көбіне, керексіз сөйлемдерді де көрсетеді.

Контекст

Сурет: Еurosport.ru

Мұхаммед Салах 1992 жылы Египетте дүниеге келген. Қазіргі таңда әлемнің үздік футболшыларының қатарында. 2017 жылы 22 маусымда италияндық «Рома» клубынан Англияның «Ливерпуль» клубына ауысты. 2018 жылы Салах ағылшын премьер лигасының үздік ойыншысы атанады. 27 жасар футболшы мансабының ең үздік маусымдары дәл қазір ойнап жүрген «Ливерпуль» сапында өтуде. 

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.