Министрометр: Дәурен Абаев уәдесінде тұрды ма?

Factcheck.kz осы материалмен “Уәделерді қадағалау” жобасын іске қосатынын хабарлайды. Жоба аясында шенеуніктердің қызмет барысында берген уәделері бақылауға алынып, оның орындалғаны немесе орындалмағаны жайында баяндалады. Айдардың беташары ретінде журналистік орта үшін маңызды тұлғалардың бірі – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан бастауды жөн көрдік.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 2016 жылдың 6 мамырынан бері Ақпарат және коммуникациялар министрі. Абаев Медиақұрылтайға қатысуымен және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізген министр ретінде есімізде қалары анық. Енді Дәурен Әскербекұлының берген уәделерін бірге тексерейік.

Дәурен Абаевтың берген уәделеріне сілтемелер

  1. Today.kz “Министрлік ашықтыққа бет алуын және қоғам өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, аталған нормаларды Заңнан алып тастау туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді Абаев. 

2. Mic.gov.kz Дәурен Абаев журналистерге отандық сериалдарды таныстырды.

3. Today.kz Абаев қарсылық акциясын ұйымдастырған журналист Данияр Молдабекпен кездесті.

4. Шетелдік сайттарды бұғаттау себебін түсіндіретін ресурс жасауды уәде етті. 

5. Zakon.kz БАҚ-қа құқықтық-экономикалық ауыртпашылық азаяды. Министрдің мәлімдеуінше: “Заң жобасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарына экономикалық және құқықтық ауыртпашылық азаяды. Бұрынғыдай тиражды толығымен тәркілеу немесе қызметін тоқтату секілді әкімшілік жаза қолданылмайды”.

6. Zakon.kz “Біз блогерлерді БАҚ-қа немесе желідегі басылымға теңестіруді ойлап едік. Қоғам наразылығына байланысты бұл заң жобасынан алынып тасталды”.

7. Zakon.kz Абаев: «…Біз мемлекеттік органдардың қаржылық және бюджеттік есептерін орналастыратын боламыз. Онлай” режимде  бюджеттік жоспар мен бағдарламаларды талқылауға қатысатын боласыздар. Қоғам үшін әкімдер мен министрлердің қолжетімді болуын күшейтеміз”. 

8. Informburo «Әйелдерді де қосамыз». Сыра мен шараптың жарнамасына әйелдер мен балалардың түсуіне тыйым салынған. 

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz