Манипуляция | ДДСҰ Sputnik V вакцинасына тыйым салды

Соңғы аптада ресейлік Sputnik V вакцинасы жайында түрлі ақпар тарап жүр. Соның бірі -Adyrna.kz жазған “ДДҰ Sputnik V вакцинасына тыйым салды” деген ақпарат. Осы және өзге де сарында тараған жаңалықтар шындыққа сәйкес пе? Factcheck.kz тексеріп көрді.

ДДҰ Sputnik V вакцинасынасына тыйым салды.

Adyrna.kz

Үкім: Манипуляция

Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары Жарбас Барбоза 15 қыркүйекте өткен арнайы брифингте ресейлік Sputnik V вацинасын мақұлдау туралы мәселенің уақытша тоқтағаны туралы хабарлады. Себеп – тексеріс кезінде вакцинаны өндіретін зауыттың бірі жаңа өндіріс әдісіне сай келмеуі.

54:50 минуттан бастап қараңыз

ДДСҰ 23 маусымда Ресейдің Уфа қаласындағы Sputnik V вакцинасын өндіретін “Фармастандарт” витамин зауытында өндіріске қатысты қателер тапты. Соның ішінде қоршаған ортаны қорғауға және шығарындыларды бақылауға қатысты бұзу (нарушение) анықталған. Осыған орай РФ Президенті баспасөз-қызметі Дмитрий Песков мәселенің шешілгенін хабарлады.

Ресей Sputnik V вакцинасын мақұлдау жөнінде ДДСҰ-ға, Еуропа дәрілік заттар агенттігіне (EMA) өтініш берген. Қазіргі уақытта өтініш егжей-тегжей зерделенуде.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz