Манипуляция | COVID-19-ға қарсы вакцинадан соң өлу қаупі тұмау екпесінен гөрі 89 есе жоғары

2021 жылы 19 тамызда ендігі біздің оқырмандарға белгілі ресейлік профессор Павел Воробьев Facebook-тағы жазылушыларына кесте скриншотын бөлісті. Кесетені жасаған автор коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсер жиілігін тұмауға қарсы вакцинадан кейінгімен салыстырды.

Деректерді тексеруге кіріспес бұрын, еске салайық: Павел Воробьев вирусология, вакцинология немесе эпидемиология саласындағы маман емес. Ол COVID-19 және оған қарсы вакцинация туралы жаңылыстыратын және жалған ақпаратты жиі таратады.

Алғаш рет салыстыру кестесін  парақшасына Иерусалим тұрғыны Валентина Нелина жариялады. Ол өзін тұрғын үй және құрылыс құқығына маманданған сәулетші және заңгер ретінде көрсетеді. Скриншотқа қарағанда, Валентина іс-шараға қатысқан, ол шара туралы былай дейді:

«Израиль мамандары мен ДДСҰ өкілдері арасындағы кездесу жақында аяқталды. Кездесу ЗУМ-да болды. Израиль ғалымы Джош Гетцков (Dr. Josh Guetzkow) өз зерттеуі нәтижесін ұсынды. Ол тұмау мен ковидқа қарсы екпеден кейінгі ауыр жанама әсер жиілігін салыстырды. Екінші жағдайда миокард инфарктісін алу ықтималдығы 172 есе жоғары, өлім қаупі 89 есе көп».

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, салыстыру кестесі авторы – «Израиль ғалымы Джош Гецков» биология немесе эпидемиология маманы емес.

Екіншіден, салыстыру дұрыс емес, себебі онда жағымсыз реакциялардың вакцинациямен байланысы расталмаған. VAERS дерегі (Vaccine Advers Event Reporting System) сенімді дәлел бола алмайды, өйткені онда кез келген ақпаратты енгізуге болады, мысалы, вакцинациядан кейін сізде қанат пайда болғаны немесе құйрық өскені туралы.

Үшіншіден, COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейінгі мұндай көрініс жиілігі (тіпті кестедегі цифрлар шындыққа жақын деп есептелсе де) алаңдаушылық туғызбайды, өйткені ол бұрынғыдай өте төмен болып қалады.

«Зерттеу» авторы туралы

Доктор Джошуа Гецков – Иерусалимдегі Еврей университетінің қазіргі ғылыми қызметкері. Ол құқық және әлеуметтік ғылымдар деген екі факультетте жұмыс істейді. Гецков криминалистикамен қатар әлеуметтану мен антропологияға маманданған. 2020 жылы ол екі ғылыми мақала, 2021 жылы тағы екі мақала жариялады. Мақала тақырыптары: нәсілшілдік; әлеуметтік қамсыздандыру және қылмыстық сот төрелігі саясаты; сот ісін жүргізудің түсу жиілігіне процестік мәмілелердің әсері. Осылайша, Гецков мырзаның жаратылыстану мен медицинаға еш қатысы жоқ.

Сонымен қатар, ол вакцинациядан кейінгі жағымсыз реакциялардың жиілігін талдаған жағдайда, автордың объектив болуына мүмкіндік бермейтін ықтимал мүдделер қақтығысын есте ұстаған жөн. Қақтығысты 2021 жылдың 27 қаңтарындағы басылым көрсетеді. Гецков пен әріптестері «ғылыми еңбектері алынып тасталған зерттеушілердің субъектив көзқарасын алғаш рет талдады». Кейбір коронавирусқа қарсы вакцина қауіпсіздігіне күмән келтірген, ал енді өз ұстанымы үшін цензураға ұшырады деп санайтын ғалымдарға назар аударылды.

Тағы да VAERS: бұл деректерге не себепті көзді жұмып сене салмаймыз?

Америка үкіметінің вакциналардан кейінгі жағымсыз оқиғалар туралы есеп беру жүйесі VAERS (Vaccine Adverse Event Reporting System) израильдік криминолог үшін негізгі дереккөз саналады.

«VAERS есептері вакцина қауіпсіздігін бақылау үшін аса маңызды болғанымен, оларды вакцинаның ауруға немесе жағымсыз әсерге әкелетінін немесе ықпал ететінін анықтау үшін қолдануға болмайды. Есептерде толық емес, дәл емес, кездейсоқ немесе расталмаған ақпарат болуы мүмкін. Көп жағдайда VAERS-тегі есептер ерікті саналады, демек олар біржақты болуы мүмкін. Бұл деректерді ғылыми мақсаттарда пайдалануға қандайда бір шектеу қояды», – делінген ресми сайтта.

VAERS жүйесі ақпараты тек есеп беруге арналған және вакцинация мен вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсерлер арасындағы себеп байланыстар туралы дәлелдеме бермейді. Жүйе адам вакцина қабылдағаннан кейін мүмкін болатын жанама әсерлер туралы есептерді қабылдайды және талдайды. Медицина қызметкерлері вакцинациядан кейін анықталған жағымсыз реакциялар туралы хабарлауға міндетті, ал вакцина өндірушілері анықталған жағымсыз оқиғалар туралы хабарлауға міндетті. Бұл – өте ыңғайлы бақылау жүйесі, бірақ оны вакцинацияға қарсы адамдар үнемі қолданады. Олар себеп-салдар байланыстың дәлелі ретінде шикі өңделмеген ақпарат ұсынады. Сонымен қатар, дерегі алдын ала бағаланатын дәрігерлерден басқа, кез келген адам VAERS-ке вакцинациядан кейінгі жағымсыз реакция туралы хабарлай алады, оған қоса, вакцинадан кейінгі реакция ретінде кез келген нәрсе – қолы сынғаннан бастап рептилия мутациясына дейінгінің бәрін жаза алады.

«Неліктен VAERS-те мұндай жағдай көп? Регистрацияның ашық болуының әлсіз жақтары бар. Көптеген жағдайда, вакцина асқыну себебі болмаса да, арыз берушіге емнің бір бөлігі төленеді. Сондықтан жүйеде сенімді емес мәліметтердің болу қаупі жоғары. Сол қаржылай көмекті алу үшін адамдар ауруды вакцинациядан болған әсер ретінде тіркейді. Демек мұнда көптеген құқық нюансы бар, сондықтан бұған көбірек назар аудару керек», – деді молекулярлық биолог және вирусолог Әсел Мұсабекова өзінің Telegram-каналында. Ол VAERS-те деректерді тіркеу компенсация алуға жеткіліксіз болса да, оған өтінім National Vaccine Injury Compensation Program деген басқа жүйеде бөлек беріледі. Бұл жүйеде тіркеу ережесі VAERS-ке қарағанда анағұрлым қаталырақ.

172 рет немесе миллион жағдайдан үшеуі: цифрлар тұзағы қайсы?

Кестедегі мәліметтерді әртүрлі сипаттауға болады. Вакцинацияға қарсылар, мысалы, коронавирусқа қарсы вакцина (қайсы екені көрсетілмейді) тұмауға қарсы екпемен салыстырғанда инфаркт даму қаупін 172 есе арттыратынын атап өткенді жөн көреді. Сонымен қатар, абсолют цифрлар ретінде бұл ақпарат әлдеқайда қорқынышты көрінеді: коронавирусқа қарсы вакцинаның миллион дозасына миокард инфарктісінің үш жағдайы ғана тең келеді. Мұндай жанама әсерлер «өте сирек» деп белгіленеді.

Бір қызығы, сол кестенің бұрынғы нұсқасында автор 100 мың дозаға қатысты деректерді келтірген. Нәтижесінде салыстыру бағанасы аз өзгерді: инфаркт даму қаупі, мысалы, тұмауға қарсы вакцинаға қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинада, бар болғаны, 12 есе жоғары болды.

Мұндай ауыр жағымсыз реакциялар, әрине, кез келген жағдайда қосымша бақылауды және зерттеуді қажет етеді (тромбоздың және векторлық вакциналардың тарихы мұның қазір қалай болып жатқанын көрсетеді). Алайда олардың тіркелуі коронавирусқа қарсы вакциналардың нашар зерттелгенін білдірмейді. «Ғылым тұрғысынан бұрын-соңды болмаған төртінші кезең өтіп жатыр – тіркеуден кейінгі мониторинг, ол бұрын-соңды болмаған. Айтайын дегенім, бұрын шыққан вакциналар соншалық мұқият бақыланбаған», – дейді Әсел Мұсабекова.

ДДСҰ болды ма?

Валентина Нэлина жариялаған тағы бір скриншотта зум-жиналысына қатысушылар тізімінің аз бөлігі бар. Олардың арасында «WHO EURO» деген атаумен белгіленген екі адам бар. Эпидемиолог Джетри Регми, шынымен, ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросында жұмыс істейді, бірақ ол ешқандай басқарушы лауазымға ие емес және ол ұйымның техникалық қызметкері (дереккөз, 119 -бет). Вирусолог Марко Марклевитц те ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы штатында 2020 жылдың жазынан бері зертхана эксперті болып жұмыс істейді. Болжам бойынша, бұл шараға 2005 жылға дейін Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген ДДСҰ Еуропа офисі төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Дорит Нитцан да қатысты.

Енді ДДСҰ (оның еуропалық бөлімшесін қоса алғанда) Израиль үкіметін халықты үшінші дозамен вакцинациялауды уақытша тоқтатуға шақырады. Алайда бұл шара иммундау қауіпсіздігіне немесе тиімділігіне күмәнмен қарауға қатысты емес,  халықаралық ұйымның бүкіл әлемдегі азаматтар үшін COVID-19-ға қарсы вакциналарға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге тырысуына байланысты.

FactCheck.kz редакциясы мен мақала авторлары материалды дайындауға көмектескен Елена Сикорскаяға алғыс айтады.

Асель Мусабекова
Асель Мусабекова - ученый, научный популяризатор, доктор PhD в области молекулярной биологии и вирусологии университета Страсбурга. Пишет о вирусах и вакцинах, переводит с научного на понятный.