Қытайда интернеттегі пікірді тексеруді талап ететін заң қабылданды

Қытай сайттары пікірлерді жарияламас бұрын олардың әрқайсысын тексеріп, мақұлдауға тиіс. Бұл туралы ҚХР үкіметі өткен аптада қабылдаған “Интернеттегі пікірлерді реттеу туралы ережелер” құжатында хабарланды.

Заңға сәйкес, Қытай сайттарын басқаратын жеке тұлғалар мен компаниялар “пікірлерді тексеру және редакциялау тобын” жалдауы керек.

Бұдан бөлек, әр сайт пікірді мақұлдамас бұрын пайдаланушы аты-жөніп тіркеп, жеке басын растауға тиіс.

Сонымен қатар, заңға сай, модераторлар пікір мазмұнынан “заңсыз ақпарат” байқаған жағдайда қытай әкімшілігіне хабарлауы қажет.

Контекст

  • Бұған дейін Қытай киберкеңістігінің әкімшілігі (Cyberspace Administration of China, CAC) дипфейк қолдануды бақылайтын заң ұсынды. Заң құжатына сәйкес, қоғам қауіпсіздігі мен адам құқығына залал келтіретін, сонымен қатар, фейк контентке, бұдан бөлек, «сексуалды қылықтар көрсетіп» манипуляция жасауға тыйым салынады.
  • Бұған қоса, құжатта кез келген қосымшаға фейк видео мен дыбысты қолдануға тыйым салу қарастырылған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz