Қытайда дипфейкке қарсы заң ұсынылды

Қытай киберкеңістігінің әкімшілігі (Cyberspace Administration of China, CAC) дипфейк қолдануды бақылайтын заң ұсынды. Бұл туралы The Register хабарлады.

Заң құжатына сәйкес, қоғам қауіпсіздігі мен адам құқығына залал келтіретін, сонымен қатар, фейк контентке, бұдан бөлек, “сексуалды қылықтар көрсетіп” манипуляция жасауға тыйым салынады. Бұған қоса, құжатта кез келген қосымшаға фейк видео мен дыбысты қолдануға тыйым салу қарастырылған.

Сонымен қатар, дипфейкті “заңды мақсатта” қолдану үшін арнайы рұқсат алып, монтаждалғанын көрсететін белгі қою керек.

Контекст

Былтыр TikTok-та Голливуд актері Том Круздың дипфейк видеосы желіде кеңінен тараған. Актер дипфейк видеода гольф ойнап, фокустар көрсетіп және Михаил Горбачев туралы анекдоттар айтқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz