Коронавирусты содамен «емдеу»: профессор Юдин таратқан фейк

Whatsapp желісі мен БАҚ-та «медицина ғылымдарының докторы, трансплантология профессоры, КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы» Геннадий Юдин мәлімдемесі тарап жатыр. Ол «Коронавирусты бастапқы кезінде, жоғары температура арқылы (+ 60 °, + 80 °, + 90 °) мұрын қуысында жоятынын» ойлап тапқанын мәлімдеді. Оқырманның сұрауы бойынша ғылыми еңбектермен салыстырғанда

Үкім: Жалған

Сода ингаляциясы коронавирусқа қарсы күресте пайдасы жоқ. Юдиннің барлық тұжырымдары ғылыми еңбектерге емес, жалған болжамдарға негізделген және адам денсаулығы мен өміріне қауіпті. Ол пандемия уақытында өзіне назар аудару үшін жазылуы мүмкін.

Мәлімдеме: Сода вирустың липидтік қабығын ерітеді, ал қайнаған бу жалаң вирусты ыстық сілекей мен шырышқа «қайнатады»

Г. Юдин

Үкім: Жалған

Сарапшылардың зерттеуі сода COVID-19-ды өлтіруі мүмкін деген теорияны жоққа шығарады. Гонконг университетінің бір топ ғалымдары «SARS-Cov-2 вирустың әртүрлі экологиялық жағдайдағы тұрақтылығы» атты зерттеу жариялады.

Әйгілі педиатр Евгений Комаровский өзінің YouTube-каналында сода мен лимонның пайдасы бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Жағдайды одан әрі нашарлатып алмас үшін, мұндай жалған ақпаратқа сенбеу керектігін айтты.

Мәлімдеме: Мен дипломы бар патенттанушы болғандықтан, бірден жаңалығымның формуласын жаздым. Әдісімнің ғылыми негіздемесі. Вирус жаңа. Ғылыми әдебиет толығымен жоқ, сондықтан интернет деректерін пайдалану керек болды.

Г. Юдин

Үкім: Манипуляция

Иә, вирус әлі толық зерттелмеген. Бірақ SARS-Cov-2 туралы ғылыми әдебиет көп. Ең алдымен — интернетте, соның ішінде — рецензияланған журналдарда. Юдиннің айтқандары дәстүрлі рецептілеріне негізделіп, ғылыми негіздеме жасалмаған.

Мәлімдеме: Ковид-19-да липидті (майлы) мембранамен қапталған РНҚ молекуласы бар. Ол +60 градус температурада 10 минуттан кейін өледі. Алғашқы 4-5 күн ішінде адам ағзасына ауа тамшылары арқылы еніп, вирустар ауыз қуысының сілекейінде және мұрын шырышты қабығында орналасады. Содан кейін инфекция диагнозы үшін алынады. Содан соң, вирустар тыныс алу жолдарына түсіп, альвеолярлы жасушаларға енеді, олардан тыс жерде олар болмайды. Бұл пневмонияға және аяғында өкпенің некрозына әкеледі.

Мен ұсынатыным мыналар: +80 +90 градус температурасының әсерінен жасушалардың ішіне енбеген вирустарды жойып, оларды алдын ала содамен еріту.

Г. Юдин

Үкім: Жалған

Алдын-ала жасалған зерттеулерге қарайтын болсақ вирус + 60 °С температурада өлмейді. 15 минут ішінде жоғарырақ температура шырышты күйдіруге әкелуі мүмкін, және негізінен ингаляция үшін бірқатар қарсы көрсеткіштер бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ингаляциялық терапияны коронавирусты емдеуге арналған ем ретінде ұсынбайды. CDC өкілі Reuters-ке бу терапиясы COVID-19 көмегімен көмектесетінін көрсететін ғылыми зерттеулер туралы білмейтінін айтқан. Испан педиатрларының ассоциациясы жариялаған зерттеуде: «SIT (бумен ингаляциялық терапия) қалай қолданылатынына қарамастан, күйіп қалу қаупі бар. Ыстық суға толтырылған кастрюльге басын сүлгімен жауып қоюдың әдеттегі әдісі будың, ыстық сұйықтықтың немесе контейнерге тиюдің салдарынан күйдіру қауіпіне алып келуі мүмкін.

Дәрігерлердің пікірінше, жылу ингаляциясы жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында ғана тиімді, ал пневмония кезінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Жылу ингаляциясы үшін қарсы көрсетілімдер

  • дененің жоғары температурасы;
  • тұрақсыз қан қысымы;
  • ми қан айналымының бұзылуы;
  • ауыр жүрек-қан тамырлары патологиясы;

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам ағзасына күннің 25°C ыстықтан жоғары болса да, коронавирустың алдын алмайды.

Мәлімдеме: Менен басқа аналог және прототипім болмағандықтан, оны басқалармен салыстыруға мүмкіндігім жоқ. Сондықтан қандай тиімді тұстары бар соған көшейік.

1. Әдіс короновирустың дамуына рота-мұрын жұтқыншақта жоғары температураның әсерінен инактивациялау арқылы кепілдік береді.

2. Әдіс ғылыми негізделген, арзан, қарапайым және оны үйде кез келген адам орындай алады.

3. Әдістің перспективасы жоғары. Өйткені оның физикалық сипаты ковид-19-ға ұқсасболса, кез-келген мутантты жоюға кепілдік беріледі.

4.Әлемге (коронавирус пандемиясының салдарынан болатын- ред.) қайталанатын “толқындар” қауіп төндірмейді. Себебі ковид-19 мәселесін алдын ала үшін әдісті пайдалану дұрыс ұйымдастырылатын болса.

Г. Юдин

Үкім: Жалған

Бұл тәсілде ешқандай ғылыми негіз жоқ. Ал бастапқы сатыда коронавирусты алдын алу және емдеу тиімділігі мұрын жұтқыншақта вирусты жою жолымен жоғары температураның әсерімен болады деген мүлдем расталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, өзін-өзі емдеу – қауіпті. ДДСҰ өзін-өзі емдеумен және COVID-19-ға қарсы профилактикалық дәрілерді, қандай да бір препараттарды өз бетінше қабылдауды ұсынбайды. Барлық емдеу әдістері ашық және дәлелденген болуы тиіс. Бұл жағдайда ондай емес екенін ескерген жөн. Геннадий Юдин (иә, ол шын мәнінде бар) Бірінші арнадағы журналистің сұрағына жауап бере отырып, коронавирустан емдеу әдісін түсіндіруден бас тартқан болатын.

Геннадий Юдин деген кім?

Қысқаша өмірбаяны: 1964 жылы ИГМИ түлегі. 1967 жылдан 2006 жылға дейін – ИГМИ (ИвСМА) оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1989 жылдан бастап ол топографиялық анатомия және оперативті хирургия, анатомия және оперативті хирургияның бірлескен бөлімін басқарды, қайта құрылғаннан кейін топографиялық анатомия және оперативті хирургия курсын басқарды. Жарияланған 110 ғылыми жұмыстың, 32 рационалды ұсыныстың, «КСРО еңбек сіңірген өнертапқышы», «Жоғары білім берудің құрметті қызметкері» авторы. Ол «Жұмыс уақыты, отбасы және мен» өлеңдерінде автобиографиялық роман жазды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz