Коронавирустан вакцина алған соң тұмаудан екпе алу қауіпті ме?

Қазақстанда және ТМД-ның басқа да бірқатар елінде тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Алайда коронавирус пандемиясы кезінде медиа кеңістігінде осы маусымдық ауруға қарсы вакцинация туралы көптеген жалған ақпарат тарала бастады.

Әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы вакцина алса, тұмауға қарсы екпе алу керек пе деген қызу пікірталас жүріп жатыр. Ал БАҚ пен телеграм каналдарында препараттың екеуіне де вакцинацияның қаупі мен бұл жағдайда мүмкін болатын өлім туралы бұрмалау, дәлелсіз пікір мен жалған ақпарат көбейіп келеді.

Біз бұл фейктердің кейбірін талдадық. Factcheck.kz редакциясы коронавирус кезеңдегі тұмауға қарсы вакцинация туралы кейінгі ақпаратты жинады.

Маусымдық тұмау қаншалық қауіпті?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ауру жеңіл немесе ауыр өтуі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Ауруханаға жатқызу мен өлім негізінен жоғары қауіпті топтарда болады. Жыл сайынғы тұмау эпидемиясы ауыр аурудың 3-5 миллион жағдайын және респираторлық аурулар 290,000-650,000 адамның өліміне әкеледі деп саналады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде тұмаудан көбіне 65 жастан асқан адамдар қайтыс болады. Эпидемия жұмысқа/мектепке бара алмаудың жоғары деңгейіне және өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Аурудың жоғары кезеңінде емханалар мен ауруханалар лық толуы мүмкін.

Дамушы елдерде маусымдық тұмау эпидемиясының әсері аса белгілі емес, бірақ зерттеулер 5 жасқа дейінгі балалардың тұмауға байланысты төменгі тыныс жолдарының инфекциясынан қайтыс болуының 99%-і дамушы елдерде болатынын көрсетті.

Қауіп маусымдық тұмау, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде мектептер мен интернаттарда жеңіл және тез таралуы мүмкін екенінде болып тұр. Инфекция жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде құрамында вирусы бар ұсақ тамшылар (инфекция тамшылары) ауаға бір метрге дейін таралып, жақын маңдағы адамдарға жұғуы мүмкін.

Инкубациялық кезең деп аталатын инфекциядан аурудың дамуына дейінгі кезең шамамен 2 күнге созылады, бірақ 1 күннен 4 күнге дейін созылуы мүмкін.

Биыл тұмау не себепті аса қауіпті?

Денсаулық сақтау саласы шенеуніктері бұл COVID-19 бен тұмаудың бір мезгілде таралатын алғашқы қысы болады деп алаңдайды. Зерттеулер екі вирусты қатар жұқтырғандар тек коронавирусты жұқтырған адамдарға қарағанда екі есе көп қайтыс болатынын көрсетті.

Гринвилдегі Оңтүстік Каролина университетінің хирургия кафедрасы доценті, доктор Седрек Макфадден адамдар өткен жылдарға қарағанда биыл тұмауға қарсы вакцинацияға көбірек көңіл бөлуі керек деп санайды, себебі вирус ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Оның айтуынша, тұмаудың таралу қаупі де, COVID-19 және басқа респираторлық инфекциялардың қаупі де жоғары. Оның айтуынша, былтыр оқшаулану, маска тағу режимі және басқа эпидемиология шектеулері тұмаудың әлемде таралуын болдырмауға айтарлықтай көмектесті, дегенмен адамның иммунитеті мен денсаулық сақтау жүйесі бұл аурудың өршуіне дайын болмауы мүмкін.

CDC тұмауды бақылау тобының жетекшісі Линнет Браммер биыл халықтың тұмауға қарсы иммунитеті төмендеуі мүмкін екенін айтып өтті. Ол мұны карантин шараларының төмендеуі вирус айналымының қайта басталуына әкелуі мүмкін екені арқылы түсіндірді. Әлемде көптеген адам коронавирустың ауыр түрімен ауырғандықтан, бұл олардың денсаулығына өте қауіпті болуы мүмкін.

Питтсбург университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау динамикасы зертханасының зерттеу тобы өткен маусымда тұмау таралуының тоқтауы осы жылы жағдайдың өсуіне әкелуі мүмкін деген ғылыми жұмыс жариялады. Бұл әсіресе коронавирустың айналмалы дельта штамы жағдайында қауіпті, өлім деңгейі қазіргі қарқыннан екі есе артуы мүмкін деп болжанып отыр.

ДДСҰ бір мезгілде екі ауруға шалдығуға болатынын да айтады. Сондықтан ауруханаға жатудың және ауыр ағымдағы COVID-19 бен тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі — екі вакцинаны да салдыру.

Былтыр тұмау не себепті кең таралмады?

Эксперттердің көпшілігі тұмаудың былтыр бүкіл әлем бойынша билік органдары коронавирус инфекциясын болдырмау үшін қолданған шектеулі шаралардың арқасында кең таралмағанын айтады. Өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық және қажет гигиена шараларын сақтау тұмауды емдеуге ғана емес, басқа да бірқатар ауруға оң әсер етті деп есептеледі.

Былтыр CDC 2005 жылы тұмау туралы жалпы ақпарат жинай бастағаннан бері тұмау жұқтырудың ең төмен кезеңі болды. 2020-2021 жылдардағы тұмау инфекциясы 0,2% болды.

Америка Құрама Штаттарында 2020 жылғы тұмау мен коронавирус аурулары

CDC-ге тұмаудан нәресте өлімі болғаны да хабарланады. Олардың жазбалары бойынша, былтыр тұмаудан бір ғана нәресте өлімі тіркелген. Бір жыл бұрын тұмаудың педиатриялық жағдайлары 199 баланың өліміне тең болды, ал тарихта бір жылдағы ең аз өлім саны 37 болды.

CDC деректері бойынша, былтыр 194 миллионға жуық тұмауға қарсы вакцина таратылды. Кейінгі бағалар әлі алынбады, бірақ CDC былтыр ересектердің 50-55%-і тұмауға қарсы вакцина салдырғанын хабарлайды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 7% көп. Мамандардың айтуынша, бұл коронавирустың және басқа респираторлық аурулардың таралуын тежеуге көмектесті, өйткені вакцинацияланған адамдар санитария нормаларын мұқият сақтады.

Респираторлық синцитиалды вирус инфекциялары шектеулер жағдайында 2020 жылы тарихи төмен деңгейге жетті. Алайда шектеулер жеңілдетілгеннен кейін Австралия сияқты елдерде инфекция жұқтырған адам саны тез өсе бастады.

Тұмау мен COVID-19 вакцинасын бірге алу қауіпсіз бе?

Халықаралық реттеушілер коронавирус пен тұмауға қарсы вакциналар әртүрлі аурудан қорғайтын препараттар екенін, сондықтан оларды бөлек-бөлек салдыру керек екенін айтады. CDC екі вакцинаны уақытына қарамастан дәрігерге бір рет барғанда алуға болатынын айтады.

Былтырдың өзінде ДДСҰ мамандары COVID-19 пандемиясы фонында азаматтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырағанын хабарлады. Бұл әсіресе балаларға, қарттарға, созылмалы ауруы бар адамдарға және жүкті әйелдерге қатысты. Бұл, басқалармен қатар, тұмау иммун жүйесін әлсіретіп адамды коронавируспен күресуге әлсіз етеді.

Эксперттер адам COVID-19-бен ауырса да, тұмауға қарсы вакцинациялау ұсынылады. Мамандар бұл қауіпті емес және адамның иммун жүйесіне қосымша ауыртпалық түсірмейді деп санайды. Өйткені тұмауға қарсы вакцинациядан кейінгі жалғыз жанама әсер инъекция орнының ауырсынуы ғана.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық кеңсесі сайтында тұмауға қарсы вакцинацияға қатысты негізгі сұрақтардың толық тізімі берілген. Бұл вакцинаның 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқаны, вакцинаны миллиондаған адам салдырғанын және уақыт өте келе оның қауіпсіз екені тексерілгені айтылады. Сонымен қатар, жыл сайын дәрі-дәрмектерді бақылайтын ұлттық органдар жаңа вакцинаны лицензияламас бұрын оны мұқият зерттейді.

Дегенмен ғалымдар бұл маусымда көптеген адам тұмауға қарсы вакцинадан бас тартады деп қорқады, өйткені пандемия кезінде тұрғындарда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы ақпарат көп боп кетті, ал вакцинация науқаны жаңа штамдар пайда болған сайын артады.

Ұлттық жұқпалы аурулар қоры сауалнамасы бойынша, америкалықтардың 44%-і тұмауға қарсы вакцинаны салдыратын-салдырмайтынын білмейді немесе вакцинаны алуды мүлдем жоспарламайды. Эксперттердің айтуынша, биыл адамдарды коронавирусқа қарсы препараттан басқа тұмауға қарсы вакцина алуға сендіру қажет болуы мүмкін.

Тұмауға қарсы вакцинаны кімнің салдыруына болмайды?

CDC барлық ересек адам мен алты айлық және одан үлкен жастағы балаларға әр маусымда тұмауға қарсы вакцина салдыруды ұсынады. Әртүрлі жастағы адам үшін тұмауға қарсы әртүрлі вакцина бекітілген. Алайда кейбір адам (мысалы, жүкті әйелдер мен бірқатар созылмалы ауруы бар азаматтар) тұмауға қарсы вакциналардың барлық түріне сәйкес келмеуі мүмкін, ал кейбіреулердің вакцина салдыруына болмауы мүмкін, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.

Көбінесе вакцина препараттың ингредиенттері — желатин, антибиотиктер және басқа компоненттерге қатты аллергиясы бар адамдарға ұсынылмайды. Бұрын тұмауға қарсы екпе салдырғаннан кейін аллергияның ауыр түрін бастан өткізген адамдарға да вакцинациялануға болмайды. Бұл тізімге Гильена-Барре синдромы (ауыр сал ауруы) бар адамдар да кіреді.

Денсаулық сақтау эксперттері азаматтардың жоғарыда келтірілген қарсы көрсеткіштердің бірі болса, тұмауға қарсы екпе салдырмас бұрын дәрігерімен мұқият ақылдасуға кеңес береді.

Александр Григорянц
Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.