Коронавируспен симптомсыз ауыратындар вирус жұқтырмайтыны рас па?

9 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируспен күрес жөніндегі техникалық директоры Мария Ван Керкхове және жаңа аурулар мен зооноздар бөлімі басшысы Женевадағы БАҚ-қа арналған брифингіде былай деді:

Бізде адамдардың байланысын егжей-тегжейлі бақылап отырған елдердің есебі бар. Олар симптомсыздарды және олармен байланысқан адамдарды бақылап отыр, сөйтіп байланысқан адамдардан ауру тауып жатқан жоқ… Біз бұл деректерді үздіксіз зерттеп отырмыз және бұл сұраққа шынымен жауап беру үшін елдерден көбірек ақпарат алуға тырысып жатырмыз… Симптомсыз адам ауруды сирек жағдайда жұқтыратын сияқты…

Әрине, бұл жаңалықты медиа ғана емес, әлеуметтік желілер де, соның ішінде блогерлер де жылдам тарата бастады. Мысалы, жазушы және психолог Марина Линдхольм бағдарламасында оккультизмді және осы құбылыстың әлемдегі элиталармен байланысын зерттейтін жазушы Вадим Шегалов жаңалықты, тіпті былай түсіндірді:

Дүйсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру белгісі жоқ адамдар вирус жұқтырмайды деп жариялады, солайша карантиннің құнын түсірді.

Көріп тұрғанымыздай, Ван Керкховенің «сирек сияқты» және «көбірек ақпарат алуға тырысамыз» деген болжалды бақылауы карантиннің құнсыздануы мен ауру белгісі жоқтар вирус жұқтырмайтыны туралы пайымға айналып кетті.

Үкім: Манипуляция және жалған (аударма қиындығы, техникалық қате мен қабылдау ерекшелігіне байланысты)

Дүйсенбіде ДДCҰ өкілі Мария Ван Керкховенің ауру белгісі жоқ адамдарға қатысты бақылауы туралы баяндағаны және қандай да бір есеп саны негізінде олардан ауру “сирек жұғатын сияқты” деп айтқаны рас. Дегенмен осыған ұқсас мәлімдеме жасамады немесе мұндай шешімге келмеді (төмендегі твиттің 32-минутын қараңыз). Солайша, оның айтқанын бұлай түсіндіру — манипуляция.

Әңгіме ғылыми және медицина зерттеуі негізінде дәлелденген немесе расталған фактілер туралы да болған жоқ. Оған қоса, пікір байланыста болғандарды анықтау бойынша эпидемиялық тергеулер шеңберінде қазіргі бақылауларға қатысты, аурудың ерте кезеңдеріне (белгілер пайда болғанға дейін) және одан әрі мүлдем көрінбеуі мүмкін аурудың симптомсыз ағымына жататын белгі алдындағы кезең туралы кең ауқымды мәтін аясында айтылды.

Дүйсенбідегі мәлімдеме мәтінінен көбірек үзінді берсек, онда Ван Керкхове вирустың «адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғатынын» айтты.

Егер біз аурудың белгісі бар ағымын түгел бақылай алсақ, ол адамдарды оқшаулап, олармен байланысқандарды карантинге орналастырар едік, солайша (аурудың таралуын – авт.) күрт қысқартар едік, мен вирус таралуы қаншалықты азайғаны туралы (нақты – авт.) ақпарат беруге мүмкіндік болғанын қатты қалар-ақ едім… бұл ауру жұғуының күрт қысқаруы туралы болар еді...

Бірақ мәтіннен үзіп алынған фразаның әсерін көрген Ван Керкхове келесі күні-ақ брифингіде алдыңғы жолы не айтқысы келгенін анығырақ етіп түсіндіруге баса назар аудартуға асықты. Шын мәнінде, спикер брифинг басында-ақ пайда болған түсіндірмені жоққа шығарды.

Атап айтқанда, ол вирустың таралуына қатысты медицина білетін және білмейтін нәрселер бар екенін және медицина қоғамдастығы мынаны анықтауға тырысып жатқанын мәлімдеді: «Ақпараттың үлкен жиынтығы ауру сырқат белгісі бар адамдардан ауа тамшылары арқылы таралатынын айтады… Белгі дамымайтын популяция да бар, бірақ біз әлі ауру белгісі жоқ адам саны қанша екеніне қатысты сұраққа жауап берген жоқпыз…». Оған қоса, ол түрлі бағалау бойынша 6%-тен 41%-ке дейін ауру жұқтырғандардан сырқат белгісі байқалмайтынын айтып өтті.

Біз симтомсыз ауыратын адамдар немесе (басқаша айтқанда – авт.) ауру белгісі жоқ адамдар вирусты ары қарай жұқтыра алады. Бізге попуялцияда қанша адамның ауру белгісі жоқ екенін және олардың қаншасы ауруды басқаларға жұқтырып жатқанын түсіну керек….

Мария Ван Керкхове

Ван Керкхове дүйсенбіде айтқан ақпарат симптомсыз ауыратын адамдар мен олармен байланысқандарға арналған бақылау туралы екі-үш зерттеуге қатысты екенін айтты. Дегенмен бұл зерттеулер саны тіпті әлі жарияланбаған мәлімдеме үшін жеткіліксіз.

«Мен баспасөз мәслихатында сұраққа жауап бердім… бұл ДДСҰ саясатына қатысты мәлімдеме емес еді, мен жай ғана бізге белгілі нәрсе туралы ғана айтқым келді… Бұл симптомсыз ауыратын адамдардан вирус барлық жерде өте сирек жұғады дегенді білдірмеген еді», – деді Ван Керкхове.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz