Коронавирус Қытайдың бір партиялы режимін құлата алады ма?

Жаңа, COVID-19, коронавирустың өршуі Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) режиміне қауіп төндірді деп болжау күлкілі көрінуі мүмкін, әсіресе, Үкіметтің вирустың таралуын тежеу бойынша агрессивті күш-жігері жұмыс істеп тұрғанда. Бірақ Қытайдың қазіргі заман тарихындағы ең ірі қоғамдық денсаулық сақтау дағдарысының саяси салдарын бағаламау қате болар еді.

New York Times сараптамасына сәйкес кем дегенде 760 миллион қытайлықтар немесе ел халқының жартысынан астамы әр түрлі деңгейде тұрғын үй оқшаулауында болады. Бұның жекелеген және жалпылама салдары орасан –  өз атасының өліміне куә болғаннан кейін бірнеше күн үйінде жалғыз қалған  жас баланың жағдайынан бастап өте ауқымды экономикалық тоқырауға дейін. Бірақ бұл, шамасы, вирустың ошағы – Ухань қаласынан тыс жерлерде жаңа инфекциялар санының біртаңбалы сандарға дейін күрт төмендеуіне ықпал етті.

Тіпті Қытай көшбасшылары вирустың таралуын ұстап тұрудағы өз табыстарымен мақтанған кезде, олар стресс белгілерін көрсетіп қоюда. Басқа автократиялардағы элиталар сияқты, олар дағдарыс кезінде өздерін саяси жағынан өте осал сезінеді. Олар халықтың қорқынышы мен көңілі қалуы күшейген сайын, тіпті ең кіші олқылықтың өзі оларға қымбат түсіп және олардың билігін сынға алатын біршама қиындықтарға әкелуі мүмкін екенін біледі.

Және “көңілі қалу” – бұл жұмсақ айтылған. Қытай қоғамы биліктің жаңа вирус, және оның адамдар арасында таралуы мүмкін екендігі жайлы ақпаратты жасыруға деген алғашқы талпынысына наразы. Ол наразылық жергілікті биліктің 7-ақпандағы өзінің әріптестерін желтоқсан айында жаңа коронавирус жайлы ескерткен Уханьдық дәрігер Ли Вэньлянді “қауесет таратып жатыр” деп айыптаған хабарландыруының айналасында жаңағы дәрігер сол вирустан көз жұмғанда көтерілген шу кезінде айқын көрініс тапты. 

Қытайдың цензуралық аппаратының уақытша әлсіреуімен – цензорлар осындай жағдаймен қалай жұмыс істеу керектігі туралы нақты нұсқауларды алмауы мүмкін, – тіпті ресми газеттер өзінің алғашқы беттерінде дәрігер Ли-дің қайтыс болғаны туралы жаңалықтарды басып шығарды. Ал әдеттегі саясатқа бас сұқпайтын топ бизнес басшылары,  Ухань билігінің мінез-құлқын айыптап, есеп беруді талап етті.

Биліктің алғашқы дұрыс емес әрекеті оның кең таралуына әкелгендігіне талас жоқ, әсіресе медицина қызметкерлері қатты зардап шекті – олардың 3000-нан астамы жұқтырғандар. Орталық үкіметтің бар кінәні жергілікті билікке аудара салу талпынысына қарамастан – Хубэй провинциясындағы Денсаулық сақтау саласының көптеген шенеуніктері жұмыстан босатылды – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин білгені туралы көп сұрақтар туындаған болған секілді.

Президент Си өзінің күшті және қабілетті көшбасшы ретіндегі имиджін қалпына келтіру үшін бар ынтамен жұмыс істейтіні таңданатын дүние емес. Қаңтар айының соңында Орталық үкімет Уханьды жабуға бұйрық берген соң, Си мырза премьер-министр Ли Кэцянды коронавирус бойынша жедел топты басқаруға тағайындады. Бірақ, Президент Си келесі күндері түсінгеніндей, Уханьға барып қате ақпарат жіберген Си емес, Ли еді.

3 ақпандағы Саяси бюроның Тұрақты Комитетінің отырысында Си мырзаның сөзінде залалды бақылауды сынға алған ерекше қорғаныс тоны байқалды. Си дабыл қаққанға дейін аурудың өршуі туралы білгенін мойындағанмен, ол вируспен күрес жүргізуде өзінің жеке рөлін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, 10 ақпанда Си Цзиньпин жағдайды қатаң бақылауда ұстап тұр деген әсерді нығайту үшін Бейжіңдегі бірқатар көпшілік алдында шықты. Үш күн өткен соң ол Хубэй провинциясы мен Ухань муниципалитетінің партия басшыларын індетке қарсы тиімді күресе алмағандықтары үшін жұмыстан босатты. Ал осыдан соң екі күннен кейін, бұрын-соңды болмаған қадам жасап, Си Цзиньпиннің ҚКП  Саяси бюросының Тұрақты Комитетінде сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.

Шамасы, Си оның имиджін қалпына келтіру үшін мерзімнен тыс жұмыс істейтін ҚКП-ның насихатшыларының арқасында үстем көшбасшы ретінде өз беделін қалпына келтірсе де, – саяси салдарлар елеулі болатын сияқты. Салыстырмалы кибер-еркіндіктің осы ауыр сәттеріне ілескен терең наразылық – қаңтар айының соңынан ақпан айының басына дейін, цензорлар көпшілік әңгімеге бақылауды жоғалтқан кездегі екі апта,  ҚКП-ның терең алаңдаушылығын тудыруы тиіс еді.

Шынында да, ҚКП  өзгеше пікірлерді басуда өте шебер болуы мүмкін, бірақ басу – бұл түпкілікті жою емес. Тіпті бір сәттік сәтсіздік тығындалған антирежимдік көңіл-күйді оятып жіберуі мүмкін. Бір қызығы, егер қытайлықтар екі апта ғана емес, бірнеше ай бойы еркін сөйлей алатын болса, ҚКП билігімен не болар екен.

COVID-19 өршуінің ең маңызды жанама саяси салдары Қытайдың қалалық орта табының арасында ҚКП қолдауының әлсіреуі болуы мүмкін. Эпидемия мен оны тоқтатуға бағытталған шаралар олардың өмірін айтарлықтай бүлдіріп қана қоймай, қоғамдық денсаулық пен әл-ауқатқа қарағанда құпиялылық пен өз билігін бағалайтын режим жағдайында олар өздерінің қаншалықты дәрменсіз екенін жіті түсінуге мәжбүр етті.

Мао-дан кейінгі дәуірде Қытай халқы мен ҚКП жасырын қоғамдық шартты ұстанды: партия жеткілікті экономикалық прогресті және қисынды басқаруды қамтамасыз етіп тұрғанда, халық партияның саяси монополиясына төзімділікпен қарайды. COVID-19 жарқылына ҚКП-ның нашар күресі бұл жасырын пактіге қауіп төндірді. Осы тұрғыдан алғанда, Қытайдың бір партиялы режимі ол елестеткеннен гөрі қиын жағдайда болуы мүмкін.

Миньсин Пей Клэрмонт Маккенна колледжінде мемлекеттік басқару профессоры және Америка Құрама Штаттарындағы Маршалл Германия қорының аға ғылыми қызметкері.

Авторлыққұқық: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org 

Редакция
Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2016 года. Член международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)