Қазақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі соншалықты төмен бе?

Бұл материалдың қазақ тіліндегі нұсқасы кеш жариялануына байланысты оқырмандардан кешірім сұраймыз.

Редакция

29 қаңтарда Мәжілістің пленарлық отырысында әртүрлі мәселелер көтерілді, оның ішінде – көші-қон, технология, білім беру және экономика бар. Косарев Владислав Борисович ел экономикасы мен ондағы ауыл шаруашылығының үлесіне қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Екеуін де талдаймыз.

АПДЕЙТ 06.02.2020 // Оқырмандарымыздың көмегімен біз мәліметтерге манипуляция жасалғанын анықтадық. Материалдың соңындағы есептеулерді көріңіз.

1991 жылы ауыл шаруашылығы 21% жалпы өнім өндірсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 4,5%-ға төмендеді.

В. Косарев

Үкім: Шындық

Экономикалық серіктестік және даму ұйымы 2016 жылы Қазақстан бойынша кешенді шолу жасап, ЖІӨ-нің 5%-ы ғана ауыл шаруашылығына тиесілі екенін атап өтті. Ал ТМД-дағы «Делойт» компаниясының зерттеу орталығы 2019 жылғы бұл үлес 4,5% болғанын анықтады. Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 1991 жылы ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 27,2%-ды құраған (бұл Косарев айтқан сандардан көп).

1998 жылдан бастап-ақ ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 10%-дан аспағаны белгілі.

Мал саны 2 млн-нан азайды, ешкі мен қой саны 2 есеге, ал құс 16 млнға төмендеді.

В. Косарев

Үкім: Шындық

Егер 1991 жыл мен 2018 жылғы мәліметтерді нақтырақ салыстырсақ, статистика комитетінің мәліметі арқылы мынаны байқауға болады:

  • Мал саны 2 441 500 басқа
  • Ешкі мен қой саны 1,84 есе
  • Құс – 15 600 000 басқа азайды

Егер мәліметтер дұрыс болса – манипуляция қайда?

Оқырманымыз Манар Оразов байқағандай, мәліметтер дұрыс болғанымен, мұндай аралықта басқа параметрлерді есепке алу керек. Әсіресе – долларлық эквиваленттегі жалпы өнімнің өзін.

Яғни, 1991 жылы Қазақстанның ауыл, орман және балық шаруашылығын 6,76 млрд доллар деп бағаласақ, 2018 жылы – 7,89 млрд доллар болды.

27 жыл ішіндегі инфляция мен сатып алуға деген қабілеттілікті ескере отырып, бес есе төмендеді деп айтудың қажеті жоқ (қой шаруашылығы, мал мен құс басының кестесін айтпағанда нақты мысал келтірген). Әрине, бұл ауыл шаруашылығы және Қазақстанда соңғы 29 жылда ЖІӨ өндіріспен толығып жатпағандығын жоққа шығармайды. Дегенмен, шындыққа жақын, байбаламнан алыс болуға шақырады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz