Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Қазақстанның Ұлттық музейі кейінгі төрт жылда еліміздегі киелі орындардың, атап айтқанда түрлі кесенелер мен мемориалдық кешендердің 3D-моделін жасатуға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Ондағы мақсат – әр адамға тарихи ескерткіштерді үйден шықпай-ақ тамашалауға мүмкіндік беру.

Қазір кейбір нысандар дайын және оларды қалың көпшілік көре алады, алайда аяқталмағандары да бар. Жобаға бөлінген қаражат аз емес, сондықтан оның қалай жұмсалғаны бізді қатты қызықтырды. Назарларыңызға «За нами уже выехали» жобасымен бірлескен зерттеуімізді ұсынамыз.

Қысқа қайырсақ: жобаға кеткен миллиардтаған шығынның есебі күмәнді, жұмысты негізгі мердігер компания емес Ресейден жалданған қосалқы компаниялар жасаған, ал орындалған жұмыстың сапасы жұмсалған ақшаға сәйкес емес сияқты. Барлығына егжей-тегжейлі тоқталайық. Зерттеудің видеонұсқасын «За нами уже выехали» арнасынан 26 желтоқсандағы шығарылымнан тамашалауға болады, таймкод – 7:26.

2017 жыл: 558 млн. теңге, киелі орындарды цифрландырудың басталуы

Создание-3D-моделей-объектов-включенных-в-Общенациональный-Перечень-для-популяризации-объектов-в-информационных-ресурсах.

2017 жылғы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» жобасының маңыздылығы туралы айтылады.

Дәл сол жылы желтоқсанда мемлекеттік сатып алу пайда болып, ол бойынша Ұлттық музей мердігерге 558 миллион теңге төлейді. Тендерді «ІСКЕР ҚАЛА» ЖШС-ы ұтып алады, сатып алу бір көзден жүргізіледі, яғни мердігермен келісімшарт тікелей жасалады.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?
Лицензии компании

«ІСКЕР ҚАЛА» компаниясы мемлекеттік сатып алу порталына сол 2017 жылы тіркелген. Сондай-ақ компанияның басқа салаларда бірнеше лицензиясы бар: олар құрылыс-монтаждау жұмыстары, жобалау қызметі, іздестіру жұмыстары және пестицидтер, яғни улы химикаттар өндіру.

Тендерге арналған құжаттарда қызметтер тізімі көрсетілген. Ол 11 пунктен тұрады. Оның арасында экспозициялық зал мен еліміздің киелі орындары көрсетілетін 3D-интерактивті карта, виртуалды турлар, нысандарды цифрландыруға арналған экспедициялар ұйымдастыру және панорамалық фотолар жасау бар.

Ең бастысы: Қожа Ахмет Яссауи мен Қарахан кесенесінің 3D-модельін әзірлер және жасау

Үш жылда 558 миллион теңгеге не істелгенін көрейік. Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, барлық сома сол 2017 жылы төленген. Оны электрондық актілердің жасалған күні де растайды.

«Қасиетті Қазақстан» жобасының сайты бар. Басты бетте жоғарыда айтылған «3D-интерактивті картасын» көреміз. Карта үш өлшемді және интерактивті деп айтуға келмейді, негізі бұл кәдімгі Яндекс-карта, тек оған киелі орындарды белгілей салған.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Сайттан Әзірет-Сұлтан музейінің 3D-модельін табамыз, оған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және одан бөлек Қарахан кесенесі кіреді.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Жұмысты United 3D Labs және «ЛАНИТ-Интеграция» деген екі ресейлік компания орындаған сияқты, олар бұл туралы өз сайттары мен блогтарында айтады. Мысалы мынау United 3D Labs сайтынан алынған видео.

Шамасы бұл стандартты схема, яғни біреу тендер ұтып алады да, кейін жұмысты орындау үшін басқа қосалқы мердігерлерді жалдайды.

Екінші қосалқы мердігер «Ланит-интеграция» компаниясында «Хабр» порталында корпоративтік блогы бар. Олар өз жазбаларының бірінде тапсырысты қалай орындағаны туралы егжей-тегжейлі бөліседі. Сол кезде түсірілген фотолар мен видеоларға қарағанда команда нысандарға сапар шеккен.

 

«ЛАНИТ-Интеграция» мәліметтері бойынша орындалған үш пункт:

  1. Музейлерде, қалалық мектептер мен мамандандырылған университеттерде, сондай-ақ үйде отырып, қуатты компьютерде немесе жұмыс станциясында толыққанды виртуалды турды VR-көзілдірік арқылы тамашалау мүмкіндігі.
  2. Жобаның жеңіл нұсқасы Samsung Gear VR немесе HTC Focus көзілдіріктеріне арналып бейімделді. Бұл экспонаттар мен киелі орындарды тамашалауға мүмкіндік береді, ал оған кететін шығын аз болғандықтан, қуатты VR жүйелерін жасамай-ақ білім беру мекемелерінде сәтті қолдануға болады.
  3. Жобаның интернет-нұсқасы барынша көп адамды қамтиды және барлық адамға қолжетімді етіп жасалынған. Модельдерді тамашалау үшін кез келген қатты ескі емес компьютер немесе смартфон жеткілікті, дегенмен онда тек негізгі қызметтер ғана бар, сондықтан модельденген нысандардың атмосферасына толық ене алмайсыз».
Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?
Фотода виртуалды шындық туры қалай өтуі керек екендігі көрсетілген

Тіпті видео да бар:

Яғни адам VR-көзілдірікті киіп, виртуалды кесенеде емін-еркін жүре алады.

Ал сайттан не көре аламыз? Әйтеуір 3D-турға ұқсас бірдеңе: бірнеше нүкте бар, солардың ішіне кіріп, басыңызды ары-бері қозғалтасыз. Иә, бұл оның жоғарыда айтылған интернет-нұсқасы екені түсінікті, сондықтан алғашқы екі пункті тексеру үшін музейге өзіміз «жаяу» барып қайтуымыз керек.

2018 жыл: 800 млн теңге, тағы да «Іскер қала» ЖШС, тағы да бір көзден сатып алу

ТС-Сакральный-Казахстан-12.03

Ереже бойынша, конкурстан тыс сатып алуды бірнеше жағдайда жүргізуге болады, яғни оның біреуі – тұлға «сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға» ие болуы керек.

Осылайша 3D-модельдеу және сайт жасау саласындағы айрықша құқықтарға құрылыспен, жобалаумен және пестицид өндірумен айналысатын компания ие екендігі белгілі болды.

Бұл жолы сатып алу сомасы 800 миллион теңге, бірақ 3D-модельдеу нысандары да көп, нақты айтсақ – 10.

Тапсырма – «Кем дегенде 10 киелі орынның 3D-модельі мен виртуалды турлар түріндегі контент жасау, сондай-ақ «Қасиетті Қазақстан» порталын модерациялау бойынша қызмет көрсету».

Енді Қорқыт Ата мемориалды кешенін тамашалап көрейік. Жалпы пландағы заттардың өзі біртүрлі: әр нысан мен текстуралардың сапасына назар аударып қараңызшы, көліктер 90-шы жылдардың басында болған компьютерлік ойыннан жүктелгендей көрінді.

Қалған нысандардың сапасы жақсырақ, бірақ жалпы жағдай мәз емес. Толық виртуалды турларды қайда көруге болатындығы туралы ақпарат әлі жоқ.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Біздің назарымызды аударған мына қызықты жайтқа қараңыздар. 800 миллион теңге болған тендердің келісімшартында «жергілікті мазмұн» 100 пайыз деп көрсетілген. Иә, бұл дұрыс, себебі келісімшарт қазақстандық компаниямен жасалды ғой.

Алайда ол жерде «қосалқы мердігерлердің келісімшарттарының жалпы құны» деген тағы бір пункт бар. Міне сол жерде «0» деп жазылған. Ал біз модельдеумен ресейлік компаниялар айналысқанын білеміз және олар мұны жасырмайды.

Мынау мысалы «Хабр» сайтындағы «ЛАНИТ-Интеграция» блогында көрсетілген сатып алу бойынша киелі орындарының техникалық тапсырмалары.

Айтпақшы, қосалқы мердігерлер ұсынған ақпаратта бәрі әп-әдемі көрсетілген, алайда соны Ұлттық музейдің сайтының қай жерінен көруге болатыны айтылмаған. Мүмкін жұмысты істеу барысында қиындықтар пайда болған шығар?

2019 жылы Есеп комитеті Ұлттық музейдің қаржы есебінен заң бұзушылықтар анықтайды. Ол жерде көп факт кездеседі, бірақ біздің назарымызды солардың біреуі ілігеді. Цитата:

Есеп комитетінің өкілінің айтуынша, РМҚК басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты «Іскер қала» ЖШС-ы Қазақстанның 10 киелі орнының 3D-моделі түріндегі контентті ұсыну бойынша міндеттемелерін сапасыз орындаған, нәтижесінде 800 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалды.

Демек заң бұзушылықтар 2018 жылғы сатып алудан табылған. Алайда бәрі сол қалпында қалған. Сол 2019 жылы музей «Іскер қала» компаниясын сотқа береді. Біз сот шешімін тапқан едік.

9738решениесудов

Қаулыда Музей шағымы былай деп көрсетілген:

Жауапкер қызметті толық көлемде атқармады, сондай-ақ берілген кепілдік мерзімі ішінде барлық олқылықтарды ерікті түрде түзетуден бас тартты.

Сот мердігерді жұмыстарды келісімшарт бойынша орындауға міндеттейді. Компания сайтты демо-нұсқадан толыққанды нұсқаға дейін жаңартып, оған цифрландырылған материалды қосып, 3D-модельдерді жеке бағдарлама режимінде тамашалауға мүмкіндік беретін цифрландырылған нысандардың деректер қорының интерфейсін жасауы қажет еді (бұл туралы да төменде).

Осы орайда «Іскер қала» компаниясында жұмыс істеген куәгер сотта сөз сөйлеп, музейге презентация өткізіліп, тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне қол қойғанын айтады.

Дегенмен сот музей жағына шығып, «келісімшарт бойынша жұмыс толық орындалмады және оны аяқтау керек» деп шешеді.

Бұл жерде «сотта қандай сайт туралы айтылып жатыр?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл музейдің қазір жұмыс істеп тұрған да, 3D-модельдер бар сайт та емес.

Сот қаулысында ресурстың сайты ретінде nationalmuseum.kz көрсетілген. Сілтеме арқылы өтіп көрсек, ешқандай сайт жоқ, тіпті әлі домен сатып алынбаған.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Музей «Іскер қала» компаниясымен жұмысын істеуді тоқтатса да, тендерлер аяқталған жоқ.

2019 жыл: 800 млн теңге, орындаушы өзгерді, цифрландыру сапасына қатысты сұрақ көбейе түсті

TS

Мемлекеттік сатып алу көлемі 800 миллион теңгеге дейін көбейген, техникалық тапсырма сол қалпы, бірақ нысан саны 15-ке дейін артқан (тағы да кесенелер мен мемориалдық кешендер). Бұл жолы жұмысты орындаушы – «Exponential Kazakhstan (Экспоненшиал Қазақстан)» ЖШС-ы. Сатып алу бір көзден өткен.

Компания 2019 жылы тіркелген. Оған дейін салық төлемеген және мемлекеттік сатып алу порталына сол 2019 жылы тіркелген. Белгілі бір қызмет түріне лицензиялары да жоқ.

Егер 2017 және 2018 жылғы тендерлер бойынша жұмыстар «Қасиетті Қазақстан» деген жерде жарияланса, 2019 жылғы киелі орындардың 3D-модельдерін табу оңай емес, себебі олар жаңа парақшада орналасқан.

Жаңа парақша «3D экспонаттар» деп аталады. Қарапайым адам үшін бұл 800 миллион теңгеге жасалған дүние екенін түсіну қиын сияқты, сондай-ақ бар мәлімет парақшаның ең төменгі жағында орналасқан.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Істелген жұмыстармен танысқан кезде олардың Қарахан мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 3D-модельдеріне ұқсамайтынын байқауға болады, себебі олар енді интерактивті емес.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?
Алжир саяси қуғын-сүргін мемориалдық кешені.

Тамашалау механизмі нысандарды жақынырақ қарауға мүмкіндік бермейді. Барлық 15 жұмыста сондай шектеу бар, нысанды жан-жақтан, егжей-тегжейлі қарай алмайсыз.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?
Есім хан кесенесі, XVII ғ.
Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Қасиетті орындар жиналған парақшада тұрмыстық заттардың да 3D-модельдері бар. Олардың арасында зергерлік бұйымдар, киім-кешек және түрлі археологиялық олжалар кездеседі. Айта кетейік, кейбір жазбалардың сипаттамасы жоқ. Ал кесенелер, тарихи және киелі орындар сайттың астында тұр.

Қабылданған жұмыс актілеріне сілтеме мына жерде.

Қазақстанның киелі орындарына бөлінетін миллиардтаған қаржы қайда кетіп жатыр?

Айтпақшы, Ұлттық музей сайтында өткізілген тендерлер туралы есептер жоқ.

2020 жыл: 800 млн теңге, жыл соңы таяп қалды, ал сайттарда әзірге ештеңе жоқ

ТС-2020г.

Тағы да бізге таныс жағдай, тапсырыс беруші – музей, орындаушы – «Exponential Kazakhstan» компаниясы. Бөлінген қаржы да сол қалпы – 800 миллион теңге.

Бірақ бұл жолы нысан саны – 17, олардың арасында кесенелер, қорымдар, петроглифтер мен мешіттер бар. Сайттарда әзірге ештеңе жоқ, бұл дұрыс та шығар, себебі тендер жылдың соңына дейін қарастырылған. Тапсырыс беруші жасалған жұмыс үшін ақшаның әзірге жартысын ғана төлеген. Мұның бәрі мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген.

Осы төрт тендерге жалпы 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Қорытынды жұмыс мынандай: сайтқа 32 нысанның тек 13-і ғана жарияланған. Осы 13 нысанның ішінде «Бөкей ордасы» кесенесі де жүр. Біз оны еш тендердің арасынан таппасақ та, оның 3D-моделі жасалған. Тендер құжаттарында көрсетілген сайт та жасалмаған.

Төрт жыл ішінде 2,9 млрд теңге жұмсалды – нысандарды цифрландыру шынымен де осынша тұра ма?

Бұл сұраққа жауап беру үшін біз 3D-модельдеумен айналысатын қазақстандық 3Dshop графика студиясына жүгіндік.

Біз «Іскер қала» компаниясы айналысқан 2017 және 2018 жылғы екі тендердің техникалық тапсырмасын көшіріп алып, студияға жібердік.

Неге дәл осы компанияны таңдады десеңіз, олардың осы кезге дейін істеген жұмыстары сайттарында жарияланған, сілтемелері мен түрлі мысалдар да бар.

Орындаушыға біз жіберген техникалық тапсырма негізінде коммерциялық ұсыныс дайындауды тапсырдық, сондай-ақ оны жұмысты орындау әдісі тұрғысынан шектемедік.

Мысал ретінде біз Қарахан кесенесі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кіретін «Әзірет Сұлтан» музейін жібердік.

Сонымен. 12 нысанға арналған жалпы коммерциялық ұсыныс келесідей:

Негізгі цитата:

Сіз жіберген жұмыс үлгілері мен суреттерге сүйене отырып, біз нысандарды лазерлік сканерлеуден бас тартуға кеңес береміз.

Біз нысандардың әлдеқайда сапалы әрі егжей-тегжейлі жасалған 3D-модельдерін жасауға дайынбыз, олардың фотожарығы мен текстуралары қазіргіден әлдеқайда шынайы болады.

Бұл жұмыс қажет емес, себебі бізге модельдеу үшін нысандардың және қабырғалар, қасбеттер, есіктер, интерьер және т. б. заттардың бетіндегі материалдардың фотолары жеткілікті. Бұл сапалы материалдар, текстуралар, шейдер карталарын, қалыпты карталар және т. б. жасау үшін қажет.

Сондай-ақ біз нысандардың барлық бөліктерін өлшеуге және модельдер жасауға қажетті суреттер жасау үшін дронмен түсіруге дайынбыз.

Олардың ұсынысы бойынша жұмыс келесідей ұйымдастырылуы қажет: фото мен өлшемдер жасау үшін мамандарды әр нысанға апару, содан кейін нысандардың ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның да 3D-модельдері жасалады.

Барлық 12 нысан бойынша жұмыс құны – 16 миллион 690 мың теңге.

Осыған қоса компания бонус ретінде киелі орындарды 3D форматта тамашалауға болатын интерактивті мобильді қосымша әзірлеп береді.

Бір ескеретін жайт, шығындардың үштен бірі мамандардың киелі орындарға барып-қайтуына кетеді. Мұндай сапарға осынша ақшаның кетуі қисынды, себебі нысандар еліміздің әртүрлі аймағында орналасқан, ал ол жерлерге жету үшін жол талғамайтын көліктер жалға алу керек, сондай-ақ тамақтану, қонақ үйде тұру және т.б. бар.

Мысалы Қарахан кесенесі – 490 мың теңге, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – 530 мың теңге. 2017 жылғы тендерге де осы екі нысан кірген еді, алайда ол кездегі баға 550 миллион теңге еді. Бірақ оған сайт және басқа да қызметтер кірген.

Бірақ техникалық тұрғыдан айырмашылық неде екенін тағы қайталап айтайық. Ұлттық музей нысандарды лазермен сканерлеуді талап етті. Ал бұл өте қымбат технология, себебі оған қажетті жабдықты жалға алудың өзі арзан емес (құжаттамада көрсетілген сканердің өзі 40 млн теңге тұруы мүмкін).

Сондықтан да 3Dshop студиясы бұл технологиядан бас тартып, әлдеқайда оңай әрі арзан жолды таңдауды ұсынды, яғни бәрін қолмен өлшеп, суретке түсіріп шығу. Ал нәтижесі қазіргі «Қасиетті Қазақстан» жобасының сайтында тұрғаннан әлдеқайда жақсы болатынына сөз берді.
\

КП_сакральные-места-РК

Ұлттық музейге сапар

Тағы бір сұрақ: «жеке қосымшаны» және 3D-көзілдірікпен тамашалауға болатын турларды қайдан көрсе болады? Дұрыс: музейдің өзінен (бұл туралы музей сайтында ештеңе айтылмаса да), себебі мұндай турлар әлемнің көптеген музейлерінде бар. Сөйтіп біз Ұлттық музейге барып қайттық.

Экскурсиялар былай өтеді – киелі орындардың картасы бар үлкен интерактивті панель бар, бұл жолы Яндекс картасы емес.

Бірақ бірден айтайық, бұл залда біз зерттеу жүргізген 2017 және 2018 жылғы тендерлерде көрсетілген нысандардан бөлек заттар да бар. Мысалы цифрландырылған зергерлік бұйымдар – олар басқа тендердің ішінде еді. Сондай-ақ интерактивті кітап та бар.

2017 және 2018 жылғы тендерлер бойынша істелген виртуалды турларды  да 3Dshop студиясына тапсырып көрдік. Мысал ретінде музейде түсірген фотолар мен видеоларымызды жібердік.

Біздегі басты сұрақ – Бұдан жақсы істей аласыздар ма және ол қанша тұрады?

Бізге жолданған ұсынысқа сәйкес, дайын модельдерді виртуалды панорамалар мен виртуалды шындыққа арналған көзілдіріктерге бейімдеу жұмыстары 2,3 миллион теңге тұрады. Тағы 3,7 миллион теңге интерактивті панельді жасауға және дизайнына кетеді. Демек негізгі жұмыстарға 6 миллион теңге жұмсалады.

Осыған қоса жабдықтар да бар, яғни тач-скрины бар үлкен интерактивті панель, бірнеше дисплейден тұратын видео қабырға, екі компьютер және VR-көзілдірік. Осы техниканы сатып алу мен орнатуға 15,7 миллион теңге кетеді. Демек смета бойынша жалпы жұмсалатын қаржы көлемі – 21,7 миллион теңге.

Сонымен нысандарды цифрландыру, 3D-модельдер, сайт пен мобильді қосымша жасауға 17 миллион теңге, ал виртуалды турлар ұйымдастыруға (оның ішінде жабдықтар сатып алуға) 22 миллиондай теңге кетеді.

Сонда біздің есеп бойынша, барлық жұмысқа 39 миллион теңге жұмсалады. Ал дәл осындай екі тендерге Ұлттық музей 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген. Сонда біз ұсынған жоба 35 есе арзанға шықты. Бұған тағы сатып алынған жабдықты қосып қояйық, себебі орындаушы оны келісімшарт бойынша музейге тапсыруы керек. Оған 7 миллион тұратын сканер және 5 миллион теңге болатын компьютер, ноутбук және диск кіреді. Нәтижесінде барлығына 51 миллион теңге кетсе, онда 25 есе арзан.

Қорытынды

  • Сырт көзге бұл тендерлерге қатысты жағдай біртүрлі көрінеді. Жұмысты орындаушылар тапсырысты тікелей алады да, делдал рөлін атқаратын сияқты. Нақты «Іскер қала» ЖШС туралы айтатын болсақ, олар орындауы керек жұмыстың 3D-модельдеуге қатысты бөлігін екі ресейлік компания істегені анық.
  • Музей бөлген ақшаның қаншасы осы компанияларға, қаншасы бас мердігерге кеткені белгісіз. Бұл ақпарат коммерциялық құпия болғандықтан жабық та шығар.
  • Музейдің «Мемлекеттік сатып алулар» және «Есептер» деген парақшаларында еш мәлімет жоқ, олар бос.
  • 2019 жылғы тендер бойынша: 2017 және 2018 жылғы тендерлердегі жұмыстарымен салыстырғанда 3D-модельдер жақсы жасалды деп айтуға келмейді. Қабылданған жұмыс актілеріне сілтеме мына жерде.
  • 2020 жылғы тендер бойынша: жұмыстарды қашан жарияланатыны белгісіз. Келісімшарт бойынша орындалу мерзімі «жылдың соңына дейін» деп көрсетілген. Соманың жартысы төленген. Актілерге сілтеме мына жерде.
  • Егер музей осындай шығындардың қажеттілігі мен дұрыстығын растайтын деректер ұсынса, біз өз зерттеуімізді толықтыруға және қосымша материал шығаруға дайынбыз.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz