Қазақстан Facebook-тің контент жайлы хабарлау жүйесіне қол жеткізді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Facebook интернетте “балалардың құқығын қорғауға арналған зиянды контентке қарсы мәселесі бойынша” тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Facebook Қазақстан үкіметіне ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру мәселесін шешуге көмектесу үшін ішкі «контент жайлы хабарлау жүйесін» («Content Reporting System») қолжетімді етті.

CRS Министрлікке Facebook саясаты мен Қазақстан заңнамасын бұзатын контент жайлы тез хабарлауға мүмкіндік береді.

Контекст

  • Қыркүйекте Қазақстан парламентінің мәжілісі “бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, онда ел аумағында шетелдік интернет-платформалардың, әлеуметтік желілердің, мессенжерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар норма қамтылған.
  • Қазақстанда құқық қорғаушылар мен журналистер әлеуметтік желілер мен мессенжерлердің жұмысын шектейтін заңнамаға түзету қабылдануына қарсы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz