Әлеуметтік желіні бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасына азаматтық қоғам өкілдері қарсы

Қазақстанда құқық қорғаушылар мен журналистер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектейтін заңнамаға түзету қабылдануына қарсы. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Азаматтық қоғам өкілдері цензура енгізуге бағытталған түзетулерді “репрессиялық” деп бағалады. Сонымен қатар, түзетулерге қарсы петицияға қол жинауды бастады.

Қыркүйекте Қазақстан парламентінің мәжілісі “бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, онда ел аумағында шетелдік интернет-платформалардың, әлеуметтік желілердің, мессенжерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар норма қамтылған.

Сонымен қатар, қазақстандық интернет-кеңістікте Facebook, Instagram, Telegram, Whatsapp және т. б. танымал әлеуметтік желілердің еркін пайдаланылуына қауіп төндіретіні жазылған.

Хат 15 қазанда Қазақстан президенті әкімшілігі мен парламентке жіберіледі.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz