Қазақстан Doing Business-те: Перуашев қателесті ме?

12 ақпанда ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат және «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Премьер-Министрі А.Маминге депутаттық сауал жолдады. Factcheck.kz Перуашев мырзаның айтқан ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

Біз өткен жылы осы көрсеткіш бойынша [Doing Business рейтингінде құрылысқа рұқсат алу – ред.] Қазақстан 17 позицияға көтеріліп, әлемде 35-орынға ие болғанын қанағаттанарлықпен айта аламыз. Бұл дегеніміз үкіметтің жұмысын позитивті тұрғыда көрсете алады.

А.Перуашев

Үкім: Техникалық қате және шындық

Техникалық қате: Шынында да, бұл көрсеткіш бойынша(Doing Business рейтингінде құрылысқа рұқсат алу) Қазақстан өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда бірден 17 позицияға (35-орын) көтерілді. Бірақ жаңартылған деректер бойынша Қазақстан 37-орынға төмендеді.

Шындық: Қазақстан жалпы рейтингтің көрсеткішінде көтерілді деп нақты айта аламыз. 2018 жылғы есепте (2017 деректері бойынша) Қазақстан 36 — орында, 2019 жылғы есепте — 28-орында болды. Қазір Doing Business-тің жаңартылған рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 25-орынға тұрақтаған.

Doing Business туралы не білуіміз керек?

Дегенмен, Азат Перуашев Doing Business-тегі оң өзгерістерді ғана атап өтті. Басқа да көрсеткіштер бар. Рейтингтегі көрсеткіштер бойынша Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген.

Графика – Inforburo.kz

Дегенмен, рейтингтің өсуі тек бір елдегі параметрлердің жақсаруынан ғана емес, осы рейтингте тіркелген басқа елдердің көрсеткіштері жақсарып немесе нашарлап жатса да өзгеретінін ескерейік.

Қорытынды

  • Жекеленген критериялары бойынша Қазақстан Doing Business рейтингінде оң өзгерістерді байқауға болады.
  • Рейтингтің жаңартылған мәліметінде Қазақстан 2017 жылдан бері 11 позицияға көтерілді.
  • Алайда рейтингті есептеу әдіснамасын ескерсек, бұл экономика саласындағы үлкен серпіліс деп айта алмаймыз.
Төлепберген Маликов
Factcheck.kz сайтының журналисі.