Касем Сүлеймени өлді, енді не болады?

Қаңтардың 3-і АҚШ ирандық генерал Касем Сүлейманидің көзін жойды.  Бағдат халықаралық әуежажайынан шыққан көлікте Сүлейманимен бірге “Катаиб Хезболла”-ның ирактық көшбасшысы, Иран қолдайтын қарулы топ жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис болды. Көліктегі жолаушылардың барлығы қаза тапқан.

Келесі күні өткен арнайы баспасөз брифингінде АҚШ  мемлекеттік департаментінің аты аталмаған өкілі “Сүлеймани 20 жыл бойы Иран террористік шабуылының негізгі ұйымдастырушысы болғанын” әрі “бір өзі Ирактағы 608 американдықты өлтіргенін” мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ Сүлеймани мен Мухандисті террорист деп танитынын, «бұл екі азаматтың шыныменде қауіпті адамдар қатарынан» екенін айтты.

2003 жылғы АҚШ барлау қызметінің Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар деген болжамы толығымен қателік болды. Бұның соңы Иракқа басып кірумен аяқталып,  Иран мен Сүлейманидің елдегі ықпалын жойды. Алайда қазіргі фактілер АҚШ әкімшілігінің айтқанындай болса, қос өлімді этикалық тұрғыда қорғаныс құралы деп білуге бола ма?

Әуелі адамды өмір сүру құқығынан айыру дұрыс емес деген презумпциядан бастасақ. Әлбетте Президент Дональд Трамп оны жоққа шығармайды. Мысалы, ол бір жыл бұрын былай деген: «Мен әрқашан Тәуелсіздік Декларациясындағы басты құқық – адам құқығын қорғаймын». Трамптың бұл мәлімдемесі абортқа қарсы кампания белсенділеріне қарасты айтылғанымен, жатырдағы эмбрионмен қатар ересектер де өмір сүруге құқылы. 

«Қауіпті адамдарға» қатысты ерекше ереже бар ма?

Мүмкіндігінше аталған аргументпен келісе отырып, өмір сүру құқығы тек кінәсіз адамды ғана қорғайды деп жорамалдап көрелік. Кінәсізге кім кінә артады? Американдықтардың өзі қолдайтын «Адамдардың емес, заң үкіметі»-не жүгінсек, мәселе заң жүзінде шешілуі керек. 2002 жылдан бастап Халықаралық қылмыстық сот аталған процесті әлем бойынша тәжірибеге енгізуге тырысып келеді. Халықаралық қылмыстық сот соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыс жасаған айыптыларды сот арқылы қудалау барысында айтарлықтай табысқа жеткен. Бірақ соттың шамасы шектеулі және АҚШ-ты Халықаралық қылмыстық сот юрисдикциясын қабылдаған 122 елдің қатарына қосуға құзыреті жетпеді.

Сүлейманиге жасалған шабуылдан соң БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өлім жазасы бойынша арнайы баяндамашысы Аньес Каламар мемлекет шекарасынан тыс орын алған қасақана өлтіру әрекеті бақылауға алынбайтындығын атап өтті. Атқарушы билік жай ғана, заң аясынан тыс  немесе Үкімет құрамының өзге мүшелерінің мақұлдауынсыз-ақ кімді өлтіретінін шеше алады. Бұндайды қалыпты деп қабылдау басқа елдер ұйымдастыратын өлтіру әрекеттеріне түбегейлі қарсылық көрсетуге кедергі келтіреді. 2011 жылғы Иран агенттері Вашингтондағы танымал мейрамханалардың бірінде Сауд Арабия елшісіне қастандық жасап өлтірмек болған «Cafe Milano»  сойқаны осыған дәлел бола алады. Аталған операцияны Сүлейманидің өзі ұйымдастырған деген болжам бар. 

АҚШ-тың қастандық әрекеттерін ақтауға тұрарлық жалғыз уәжі оның қаскүнемдерге қарсы тұрғанын жариялау болмақ. Ал Саудия елшісі соншалықты қауіпті адам емес еді. Осындай жайттар заң емес адам билігінің үстем екендігін көрсетеді.

Пентагон ұсынған өлімге қатысты өзге дәйектемелердің бірі  «Иранның болашақта жасайтын шабуылының алдын алуға» негізделген. Каламар атап өткендей, Сүлеймани қастандығы халықаралық заң аясында өзін-өзі қорғау әрекеті ретінде ақтауға болатын «бұлтартпас» шабуылдардың бірі емес. Сондай-ақ, Каламар қаза болған басқа жеті адамның өлімі де заңсыз екендігін айтты.

Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды өкілдері саналатын белгісіз үш адам өткізген 3 қаңтардағы баспасөз брифингінің трансикрипциясы Трамп әкімшілігінің не ойлайтынын анықтап берді. Саяси қастандыққа қатысты қойылған сауалдарға жауап ретінде департамент өкілдерінің бірі шабуылды 1943 Жапония әскеріне келе жатқан адмирал Исороку Ямамото болған әуе ұшағының апатына теңеді. Бұл оқиға жапониялықтар Перл Харбор айлағын шабуылдағаннан кейін бір жылдан соң орын алған. Енді бір өкіл: «Қастандық туралы сұрақтарды естісем, Бельгияның соңғы 40 жылдағы ахуалы сипатталып жатқандай сезіледі.

Бұл – Иран режимі. 40 жыл бойы дәл осы режим бес құрлыққа қарсы соғыс қимылдарын жүргізіп келеді» деді. Ал Сүлейманиге жасалған қастандықты Ямомото өліміне теңеген өкіл: «Құдайым-ау, осының барлығын не үшін жасап жатқанымызды түсіндіру керек пе?» деп қойып қалды.

Егер Мемлекеттік департамент өкілдері АҚШ 1943 жылы Жапония соғысы сияқты Иранмен әділ соғысқа түспек ниетті деп таныса, онда Сүлеймани өлімінде негіз бар. Әділ соғыс теориясының стандарты бойынша қандай да бір мүмкіндік туа қалған жағдайда өз дұшпаныңызды өлтіре аласыз. Бірақ нысана маңыздылығы кінәсі жоқ адамға зақым келтіру көрсеткішіне жетіп, шектен асқанға дейін ғана.

АҚШ Иранмен соғысып жатқан жоқ.

АҚШ Конституциясы бойынша Конгрес соғыс жариялауға толық құқығы бар, бірақ Иранға ешқашан соғыс ашпайды. АҚШ конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Сүлеймани өліміне қатысты жоспар жайлы Конгрес мүшелерімен кеңесуді ұсынған болатын. Егер шабуыл соғыс қимылдарына жатса, ол дұрыс айтады.

Саяси қастандық соғыс актісі деп есептелмесе, шабуылдың алдын алу үшін жасалған соттан тыс өлім жазасы ретінде ол заңға қайшы әрі этика нормасына сай емес болған. Шабуылдың салдары Таяу Шығыста қырғи қабақ қарым-қатынасты ушықтырып қана қоймай, халықаралық заң ережелері құзыретінің құлдырауына алып келері анық. 

Peter Singer is Professor of Bioethics at Princeton University and founder of the charity The Life You Can Save. His books include Animal Liberation, Practical Ethics, One World Now, and The Life You Can Save.

Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org