Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқаны рас па?

Оқшаулану режимі әлемде тұрмыстық қылмыстың артуына себеп болды деген ақпарат әуелде әлеуметтік желілерде әзіл ретінде айтылса, кейінірек медиада осының рас екенін мәлімдеген материалдар жариялана бастады. Америкалық психологтар ассоциациясы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты қысымның артуына COVID-19-дың әсері қандай?» деген тақырыппен материал жариялады.

Астаналық полицейлер де осы мәселеге назар аударып, тіпті жасырын сөз пайдалануды ұсынған. 102 нөміріне хабарласып «маска мен антисептиктер келді ме?» деп сұрасаңыз болғаны. Дағдарыс орталығының қызметшілері Қазақстанда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық артты деп тұжырымдап отыр.

Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқаны рас па?

Шыны керек, бұған көпірген сөзден гөрі, нақтсы сандар дәлел болары анық. Ендеше, кеттік.

Үкім: Шындық

ҚР Бас прокуратурасының Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервис сайтында жарияланған статистикалық мәлімет жағдайды жақсы түсіндіреді. Тіркелген қылмыс және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижесі бойынша 2020 жылдың алғашқы 4 айының есебі жарияланып қойған. Жағдайды толық түсіну үшін, мәселен, алғашқы екі айды өткен жылдың осы екі айымен салыстыру керек.

2020 жылдың наурыз-сәуір айларында тіркелген отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық саны – 179, алдыңғы екі айда 117 болған. Былтыр бұл көрсеткіш қаңтар-ақпан айларында 128 болса, наурыз-сәуірде 159 тіркелген. Бірақ жағдайды 100 мың адамға шаққандағы қылмыс коэффициенті анық көрсетеді (бұл жерде Q тұрмыстық құқықбұзушылықты көрсетеді). Осы кезеңдердегі тұрғындар санына қатысты мәліметтерді көреміз де, отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық бойынша жағдай мынадай деген қорытындыға келеміз:

Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқаны рас па?

Расында, өткен жылдың осы кезеңінде алдыңғы екі аймен салыстырғанда тұрмыстық құқықбұзушылық саны артқаны байқалады, бірақ жалпы алғанда сандар таңқаларлық емес. Қазір біз тұрмыстық қылмыс артып, жалпы қылмыс көрсеткіштерінің төмендегенін байқаймыз.

Енді 2020 жылдың наурыз-сәуірі мен карантинге дейінгі 2 айда жасалған тұрмыстық қылмысқа қатысты мәліметтер:

Карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқаны рас па?

Қызығы, құқық қорғау органдары карантин кезінде тұрмыстық жағдайда зорлау әрекетін тіркеген жоқ, бірақ республика бойынша осы кезеңде жалпы алғанда 120-бап (Зорлау) бойынша 55 құқықбұзушылық және 121-бап (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша 38 құқықбұзушылық тіркелді, алдыңғы 2 айда тиісінше 201 және 68 оқиға анықталған. Кәмелетке толмағандарға қатысты жалпы құқық бұзу саны да азайды: 432 (қаңтар-ақпан) және 240 (наурыз-сәуір). Осылайша, тұрмыстық қылмыста өсім байқалғанымен (мұны тым көп деп айта алмаймыз), карантин кезінде жалпы қылмыс саны айтарлықтай азайды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz