Исландиялық әйелге үйленсеңіз айына 5000 доллар беретіні рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ерлер саны аздығына байланысты Исландия исландиялық әйелге үйленетін иммигрантқа айына 5000 доллар төлеуге ниетті екені туралы хабарламаны тұрақты көруге болады. Facebook желісінің қазақстандық сегментіндегі мысал:

Исландиялық әйелге үйленсеңіз айына 5000 доллар беретіні рас па?

Бұл туралы әртүрлі ақпарат құралы жазды, Исландия азаматшасына үйленгені үшін 10 мың доллар төлейтін нұсқаны да табу қиын емес. «Исландия платит за…» деп басталатын сөйлемге іздеу жүйесі үйлену, тұрмысқа шығу және әрине, 5000 еуро нұсқасы немесе 5000 доллар шығарып береді. Ең қызық іздеу нәтижесі Isroe.co.il сайтындағы «еврей қалжыңы» айдарында жарияланғаны болар:

Исландиялық әйелге үйленсеңіз айына 5000 доллар беретіні рас па?

Үкім: Фейк

Бұл фейк кем дегенде 2016 жылдан бері желіні шарлап жүр. Сілтемелердің көбі бұл ақпарат ендігі өшірілген сайтқа жасалған. Сол кезеңде Snopes-тағы әріптестеріміз оны әшкереледі, сәл кейінірек олар бұл туралы Africa Check-те жазды. Бұл тақырып бойынша бұрынғы фактчек Boom және AFP-те жарияланды. Осы жазда Исландия украиналықтар жергілікті азаматшаларға үйленсе, айына 5000 еуро төлейтіні туралы ақпарат тарай бастағанда оны тексеруге Vox Ukraine кірісті.

Фейктің Таиландта, Угандада және Египетте белсенді түрде тарағаны белгілі болды. Дәл сол уақытта Facebook желісінде исландиялықтар жаппай дос болуға ұсыныс пен хабарламалар астында қалған. 2016 жылы ағылшын тіліндегі исландиялық Iceland Monitor ресурсы интернетте жалған ақпарат жариялағаннан кейін Сыртқы істер министрлігіне мұндай сыйақыға қызығушылық танытқан шетелдік үміткерлерден ондаған өтініш түскенін хабарлады. Исландияның аймақтағы өкілі болып саналатын Египеттегі Дания елшілігі сол кезде-ақ Facebook парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.

2 жыл өткен соң, 2018 жылы Iceland Monitor осы тақырыптағы материалды Исландия Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінен үзінді келтіріп қайта жариялады: «ақша үшін үйленуге қатысты кез келген жаңалық немесе қауесет – мистификация».

Исландиядағы демографиялық жағдайға келетін болсақ, 2021 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша, Исландиядағы ерлер саны шамамен 189 мың адам болған, ал Исландиядағы әйелдер ерлерге қарағанда аз – 180 мың адам. 2011 жылдан 2021 жылға дейін ерлер популяциясы әйелдерге қарағанда біршама жылдам өсті, сондықтан Исландияда ерлер жетіспейді деген нәрсе жоқ.

Исландиялық әйелге үйленсеңіз айына 5000 доллар беретіні рас па?

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz