Интернет-төлемдердің саны 5 есеге артқаны рас па?

13 қарашада ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев жаңа Заң жобасы жөнінде оқыған баяндамасынан соң депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

“ЕЭО-ның мүшелері қаржы нарығы саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешетін болады?” – деп Досаевқа депутат Шавкат Өтемісов сұрақ қойды. Ұлттық банктің төрағасы бұл маңызды мәселенің жиі талқыланатынын, цифрландыру заманына сай қызметтердің интернет арқылы жүзеге асып жатқанын айта келе:

Соңғы үш жылда Қазақстандағы интернет бойынша өткізген төлемдердің саны 5 есеге көбейді…

Ерболат Досаев

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Ұлттық Банкінің сыртқы коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, 2019 жылдың соңғы 10 айының қорытындысы бойынша интернетті және мобильді банкингті пайдалана отырып жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сомасы бойынша 8,3 есеге артты. Ал операция саны бойынша 6,5 есе ұлғайған. Бұл көрсеткіштерді Ұлттық Бнктің бізге берген жауабынан анық көруге болады.

ответ-в-Фактчек.кз-по-онлай-оплатам-каз.яз-doc

Контекст

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз жасалатын операциялардың негізгі үлесі POS-терминалдарға, интернет пен мобильді банкингке тиесілі. POS-терминалдар қолма-қол ақшасыз жасалатын операциялардың жалпы үлесінен саны бойынша 50,4%-ды, көлемі бойынша 30,7%-ды қамтыса, ал интернет пен мобильді банкинг саны бойынша 48,9%, көлемі бойынша 67,5% болды.

Factcheck.kz