Интернет-цензура: Үкіметтің сұрауы бойынша қандай контент өшіріледі?

2008 жылдың 12 наурызынан бастап Дүниежүзі кибер-цензурамен күрес күнін атап өтеді. 2009 жылдан бастап Google контентті алып тастауға байланысты сұраулар саны бойынша статистика жүргізеді. Контентті алып тастау үшін соттың қаулысы немесе мемлекеттік органның талабы қажет. Мұндай статистика Twitter, Facebook, Microsoft, Wikimedia және т.б. бар. Comparitech сайты бірнеше жылғы деректерді салыстырып, мемлекет цензурасы қай елде басым екенін және қай жерде көп таралғанын анықтады. Сіздерге сол ақпаратты аударып ұсынып отырмыз. Алдын ала айта кетейік, Қытай бар болғаны бір категорияда ғана көш бастап тұр.

Барлық желілер бойынша контентті алып тастауға байланысты ең көп сұрау салатын алғашқы 20 ел:

  • Үндістан – 77,620
  • Ресей – 77,162
  • Түркия – 63,585
  • Франция – 49,971
  • Мексика – 25,036
  • Бразилия – 17,346
  • Германия – 13,366
  • Пәкістан – 9,771
  • АҚШ – 9,574
  • Ұлыбритания – 6,402
  • Израиль – 5,527
  • Оңтүстік Корея – 4,445
  • Қытай – 4,374
  • Италия – 3,867
  • Австрия – 2,928
  • Жапония – 2,138
  • Вьетнам – 1,964
  • Таиланд – 1,901
  • Испания – 1,592
  • Аргентина – 1,575.

Көріп тұрғандарыңыздай, ең көп сұрау жасайтын –Үндістан мен Ресей. Оларған жалпы есептің 19.86% және 19.75% тиесілі. Алайда, олар басқа рейтингтерде көшбасшы емес.

Содержание / Мазмұны

Google

Google контентін алып тастауға байланысты сұрау саны бойынша алғашқы 20 ел:

2009 шілдесі – 2018 шілдесі

Бұл рейтингте 61,471 сұрау жасаған Ресей көш басында, оларға жалпы жасалған сұраулардың 53%-ы тиесілі. Түркия мен АҚШ-қа, сәйкесінше, 9% және 6,91% келеді.

  • Ресей – 61,471
  • Түркия – 10,379
  • АҚШ – 7,964
  • Бразилия – 6,455
  • Үндістан – 5,308
  • Ұлыбритания – 3,894
  • Германия – 3,197
  • Франция – 2,291
  • Оңтүстік Корея – 2,098
  • Италия – 1,691
  • Израиль – 1,436
  • Испания – 1,065
  • Канада – 768
  • Аргентина – 737
  • Жапония – 720
  • Қытай – 627
  • Таиланд – 575
  • Австралия – 393
  • Нидерланды – 304
  • Пәкістан – 292.

Google-дан қандай контентті алып тастауды сұрайды? Төменде бірнеше мысал келтірілген:

  • Ресей, 2017 жыл: Роскомнадзор blogspot.ru сайтына жарияланған постты алып тастауға өтініш жасайды. Постта АҚШ мемлекеті Ресейді бірнеше жеке елге бөліп, славян халқын стерилдеп, жойып, сонымен қатар Ресей аумағына ядролық шабуыл жасау жоспарына арналған конспирологиялық теориясы талқыланған еді. Google постты алып тастады.
  • Түркия, 2016 жыл: Түркия үкіметі Google Groups және Blogger платформасындағы блогтарда өзінің беделді мүшесінің біріне жасалған карикатура бар контентті алып тастауды сұрайды. Google контентті алып тастамады.
  • АҚШ, 2014 жыл: Жергілікті саясаткерлермен болған жанжал туралы жазған блогерге шағым түседі. Google оны банға жібермеді.

Жалпы контентті өшіру бойынша жасалатын сұраулардың ең көп кездесетін себебі – ұлттық қауіпсіздік (29,74%), диффамация (17,83%) және қадағаланатын тауарлар мен сервистер (12,72%). Мысалы, Ресей жасататын сұраулардың 88%-дан астамы ұлттық қауіпсіздікке, 97%-дан астамы регламенттелген тауарлар мен қызметтерге байланысты. АҚШ-тағы сұраулардың 24%-ы диффамацияға қатысты, бұл көрсеткіш Түркияда – 37%.

Көбіне контентті YouTube-тан (53,78%), іздеу нәтижелерінен (20,4%) және Blogger платформасынан (10,57%) алып тастауды сұрайды. Контентті YouTube-тан алып тастау үшін ең көп айтылатын негіз – ұлттық қауіпсіздік мәселесі (46,76%), іздеу нәтижелерінен – диффамация (45,81%), Blogger-ден диффамация (30,33%), есірткі жарнамасы (19.75%) және әдепсіз бейнелерді пайдалану (17,12%).

2016 жылы сұраулар саны өткен жылмен салыстырғанда 168%-ға өсті. Олардың көбі Ресейге тиесілі: салыстырып қараңыз, 2015 жылы 2761 сұрау болса, 2016 жылы олардың саны 13 209-ға жетті. Бұл сұраулардың 80%-ы ұлттық қауіпсіздікке, яғни контентті YouTube-тан алып тастауға қатысты болды. Бұл тенденция Ресейде 2017 жылы да сақталды (бұл жылы ең көп сұрау жасалды): Ресей сол жылы 23 823 өтініш жасаған, олардың 70%-ы тағы да сол ұлттық қауіпсіздік мәселесіне арналды.

Twitter

Twitter контентін алып тастауға ең көп сұрау салатын алғашқы 20 ел:

2012 жылдың қаңтары – 2018 жылдың шілдесі

NB: Twitter статистикасына мемлекеттік органдардан келіп түскен сұраулар кірмейді

  • Түркия – 30,183
  • Ресей – 11,570
  • Франция – 3,807
  • Үндістан – 1,406
  • Жапония – 1,375
  • Германия – 927
  • Индонезия – 857
  • Оңтүстік Корея – 822
  • АҚШ – 798
  • Ұлыбритания – 600
  • Пәкістан – 592
  • Бразилия – 436
  • БАӘ – 264
  • Моңғолия – 117
  • Испания – 99
  • Канада – 74
  • Нидерланд – 58
  • Ирландия – 53
  • Австралия – 47
  • Малайзия – 43.

Twitter-ден қандай контентті алып тастауды сұрайды? Мысал келтірейік:

  • Түркия соты жала жабуға бағытталған 24 туитті алып тастауға қаулы шығарды. Туиттің барлығы Түркияда атақты құрылыс компаниясының иесі туралы сыр шертетін кітапқа байланысты еді. Twitter сот қаулысын орындай бастағанда, пайдаланушылар 17 туит пен 1 аккаунтты жойып жібергені анықталды. Twitter контенттің маңыздылығын алға тартып, сотқа қайта шағымданып, оны платформада қалдырды.
  • Periscope-те контентті алып тастауға байланысты алғашқы өтінішті Роскомнадзор жасады. Онда олар Қылмыстық-атқару кодексінің 82-бабына сілтеме жасап, қамауда отырған адамның аккаунтты жауып тастауды сұраған. Аккаунт ешқандай трансляция жүргізбегендіктен, Twitter қандай да бір шара қолданудан бас тартты.
  • 2017 жылы франциялық полицияның OCLCTIC киберқылмыс бөлімінің сұрауы бойынша лаңкестік шабуылдарды мақтап жазған туит алып тасталынды.

Twitter-ге жасалған сұраулардың өскен кезі 2013 жыл болды, сол жылы олардың саны 435-ке бірден артты. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 806%-ға артық. Сұраулардың 72%-ын Франция жасады.

Twitter үшін жалпы сұраулардың артқан жылы 2018 болды, яғни 23 464 өтініш келіп түсті. Көш басында Ресей (21,25%) және Түркия (59,67%) болды.

Facebook

Facebook контентін алып тастауға ең көп сұрау салатын алғашқы 20 ел:

2013 жылдың шілдесі – 2018 жылдың желтоқсаны

  • Үндістан – 70,815
  • Франция – 42,989
  • Мексика – 24,872
  • Түркия – 23,002
  • Бразилия – 10,418
  • Пәкістан – 8,881
  • Германия – 8,846
  • Израиль – 4,054
  • Ресей – 3,876
  • Австрия – 2,817
  • Италия – 2,048
  • Вьетнам – 1,843
  • Оңтүстік Корея – 1,496
  • Таиланд – 1,319
  • Ұлыбритания – 1,198
  • Аргентина – 803
  • Испания – 392
  • Индонезия – 381
  • Нидерланд – 329
  • Австралия – 323

Бір қызығы, Facebook-тің АҚШ бойынша статистикасы жоқ. Бұған екі себеп бар, алайда екеуі де АҚШ-қа келмейді: не елде Facebook қызметтері жоқ, не сұраулар жасалмаған. Дегенмен үлгі ретінде дәл осы АҚШ айтылады. Мысалы, 2015 жылдың қазан айында Facebook округ сотының өтінішін қабылдамай қояды. Сот Жануарларды бақылау жөніндегі округтік бюроға, нақты айтқанда директорға қатысты қоқан-лоқы жазылған бетті алып тастауды сұраған. Facebook ешбір құқық бұзушылық таппағанын алға тартты.

Facebook-тан қандай контетті алып тастауды сұрайды? Мысал келтірейік:

  • Үндістан полициясы Мұхаммед пайғамбардың бейнесі бар суретке шағымданады. Facebook суретті алып тастамайды, бірақ бұл контентті Үндістандағылар көре алмайтындай етіп қояды. Себебі бұл мемлекетте Мұхаммед пайғамбардың кез келген суретіне тыйым салынған.
  • Парижде 2015 жылы болған лаңкестік әрекеттерден кейін франциялық полицияның OCLCTIC кибер-бөлімшесі оқиға орнында жасалған фотосуреттерді алып тастауды өтінеді. Өйткені фотосуреттерде құрбандардың денелері де көрініп қалған. Facebook өзінің ережелеріне қайшы келетін ештеңе таппайды да, суреттерді тек Францияда көрсетпейтіндей етіп қояды.
  • Мексика Федералды санитарлық қауіпсіздікті қорғау комиссиясы тыйым салынған тауарларды жарнамалаған әлеуметтік желідегі парақшаға және профайлға шағымданған кезде де осындай жағдай болды. Facebook контентті алып тастаған жоқ, тек Мексикада көрінбейтіндей етіп қойды.

Facebook-тен контентті алып тастау бойынша ең көп сұрау 2015 жылы болды. Олардың жартысына жуығын екінші жартыжылдықта Франция жіберді: сұраулар 2015 жылдың қараша айында болған лаңкестік актке байланысты болуы мүмкін.

Microsoft

Бұл статистикада Microsoft-ты пайдалану ережелерін немесе жеке мемлекеттердің заңдарын бұзуға байланысты ресми органдардан жасаған сұраулар қарастырылған. Сондай-ақ оған жеке деректерді, порнографиялық материалдарды жою немесе авторлық құқықтарды бұзу бойынша жеке сұраулар кірген жоқ.

  • Қытай – 3,732
  • Франция – 685
  • Ұлыбритания – 535
  • Ресей – 179
  • Нидерланд – 94
  • Германия – 91
  • АҚШ – 15
  • Бельгия – 13
  • Австралия – 7
  • Үндістан – 6

Көріп отырғанымыздай, Қытай бәрінен озып тұр. Олар 4 жылдың ішінде 3732 сұрау жолдаған, бұл 70%-ға жуық. Олардан кейін – Франция(13%). Компанияға ең көп сұрау 2016 және 2018 жылдары келіп түскен.

Өкінішке қарай, Microsoft оларға келетін сұраулардың мазмұны тұралы айтпайды, сондықтан қандай да бір мысал келтіре алаймыз.

Wikimedia

АҚШ-тың Wikimedia қайырымдылық қоры жасап шығарған – Уикипедия және басқа да уики-ресурстары. Төменде 2012 жылдың шілдесінен 2018 жылдың желтоқсанына дейін Wikimedia-ға ең көп сұрау жолдаған топ-20 ел көрсетілген:

  • АҚШ – 797
  • Германия – 305
  • Франция – 199
  • Ұлыбритания – 175
  • Италия – 89
  • Үндістан – 85
  • Ресей – 66
  • Канада – 52
  • Жапония – 42
  • Австралия – 41
  • Нидерланд – 37
  • Бразилия – 37
  • Испания – 36
  • Оңтүстік Корея – 27
  • Польша – 24
  • Швейцария – 21
  • Австрия – 20
  • Түркия – 19
  • Чехия – 16
  • Норвегия – 15.

Статистикада жеке тұлғалардан келген сұраулар да, бизнес пен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер де ескерілген. Бір қызығы, Wikimedia контентті сұрау бойынша сирек жағдайда алып тастайды. Қор есебінде көрсетілген жалғыз оқиға 2014 жылы украиналық блогерге қатысты болған. Блогер алдын ала жеке мәліметтерін жасырып («блюрлеп»), Мьянмаға алынған визасының суретін интернетке жариялайды. Кейін бұл фотоны Мьянманың визалық ережелеріне байланысты жазылған мақалада, яғни ағылшын Уикипедиясында пайдаланады. Мақалада блогердің барлық жеке мәлеметтері ашық көрсетілген. Тек осы жағдайда Wikimedia контентті алып тастауға келіскен.

Контентті алып тастауға байланысты ең көп сұрау АҚШ-тан (жалпы санның 27%), одан кейін Германиядан (10%) келеді. Сұраулардың бір бөлігі (580 өтініш) белгісіз елдерге тиесілі. Жалпы, ең көп сұрау 2018 жылы жасалған.

Wikimedia-дан қандай контетті алып тастауды сұрайды? Нақты мысалдар келтірейік:

  • АҚШ, 2015 жылдың наурызы: «Бізге бір солтүстік америкалық саяси партияның заңгері өтініш білдірді. Партия мүшелері өздері туралы Википедия жарияланған мақалада жасалған түзетулерге қатысты өкінішін жеткізді. Олар ертеректе болған нұсқаны қайтарғысы келгенін айтады. Алайда ол нұсқа нағыз жарнама еді. Біз оларға Википедия ережелерімен танысуға және аудиториямен тікелей байланыс орнатуға кеңес бердік. Себебі ереже бойынша сайтта қандай да бір насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған»;
  • Франция, 2013 жылдың наурызы: «Францияның барлау қызметі Уикипедия пайдаланатын бір адамды соттағысы келді. Олардың айтуынша, ол Францияның құпия әскери базасы туралы ақпаратты жариялаған-мыс. Ал іс жүзінде база туралы ақпарат бәріне қолжетімді еді, себебі әскери қызметшілер ол туралы сұхбат беріп, ол жерге журналистерді апарған екен. Біз Уикипедияны қолданатын адамды да қорғап, контентті де сақтап қалдық».
  • Түркия, 2016 жылдың сәуірі: «Кей кезде бізге мемлекеттік тұлғалар жүгініп, қандай да бір контентті алып тастауды өтінеді. Себебі олардың айтуынша, ондағы мәліметтер оларды қорлайды, алайда басқа елдерде ол контент заңды. Мысалы, бізге Түркия үкіметінен сұрау келіп түсті. Онда олар жағымды диктатура (Müşfik diktatörlük) туралы Уикипедияда жазылған мақала Түркия заңдарын бұзады деп мәлімдейді. Біз өтінішті қабылдамадық және оны түрік Уикипедиясының еріктілеріне тапсырдық. Себебі олар контентті пайдаланушы және жасаушы ретінде сайтта қандай контент болуы немесе болмауы керек екенін өздері шешуі қажет».

Көсемдер…

Жалпы статистиканы алып қарайтын болсақ, ең қатаң цензор – Үндістан. Бұл ел ең көп сұрауды Facebook-қа жолдайды.

Одан кейінгі орындарға Ресей, Түркия және Франция жайғасқан. Бізге Ресей мен Түркияның бұл рейтингтегі орны түсінікті, алайда Freedom on the Net бойынша еркін саналатын Францияның көш басында тұрғаны таң қаларлық жағдай. Бұл ұлттық қауіпсіздікке және елде болған лаңкестік шабуылдарға байланысты болуы мүмкін.

Соңында Қытайға тоқтала кетейік. Неге бұл ел цензураға байланысты рейтингтерде төменгі орында?

Себебі мында: қытайлықтар контент-провайдерлерге сұрау жіберуге асықпайды, өйткені олар Үкіметке жақпайтын сайттар мен қосымшаларды онсыз да тұтас бұғаттап тастайды. Елде Microsoft-тың кейбір қызметтерін санамағанда, жоғарыда айтылған платформалардың ешқайсысына кіруге мүмкіндік жоқ, сондықтан контентті алып тастауды сұраудың өзі – мәні жоқ.

Виктория Ли
Журналист, фактчекер, фотограф.