Instagram пайдаланушылардан туған күнін көрсетуді талап етеді

Instagram желісі “жастарға қауіпсіз жүйе қалыптастыру үшін” пайдаланушылар туған күнін көрсету керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Туған күнін көрсетпеген желі қолданушыларына өзгеріс енгізуге уақыт беріледі. Сонымен бірге, Instagram қосымшаны ашқан кезде туған күнін сұрайды. Егер талап орындалмаса бағдарлама жабылады.

Яғни, пайдаланушылар әлеуметтік желіні қолдануды жалғастыру үшін туған күнін көрсетуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, Instagram сезімтал контентті көруге рұқсат бермес бұрын пайдаланушының туған күнін сұрауды жоспарлап отыр.

Контекст

Бұған дейін Instagram желісі 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға хабарлама жіберу функциясын өшірген. Яғни, жасөспірім ересек адамға «жазылушы» болған жағдайда ғана хат жаза алады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz